Баспасөз хабарламалары

2022 жылғы 27 шілдеде Қазақстанның батысындағы электр желілерінде орын алған авариялық бұзылыстар туралы баспасөз хабарламасы

2022 жылғы 27 шілдеде сағат 18:08-де Атырау облысында қолайсыз ауа райы (жаңбыр, найзағай, дауылды жел) себебінен «Құрманғазы» мұнай айдау станциясын қоректендіретін 220 кВ екі әуелік электр жеткізу желісі (ӘЖ) бір мезгілде ажыратылды. (ӘЖ «Қазақстанның Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ балансында (КҚК-К). Қолда бар ақпарат бойынша электр жеткізу желілерінің құлаған тіректері табылды. Бұл «КҚК-К» АҚ-ны 16 МВт энергиямен жабдықтауда шектеулерге әкелді.
Бұдан әрі, сағат 18:42-де Атырау мұнай өңдеу зауытында жеткізуші желілердің ендірмелері ажыратылды, «KEGOC» АҚ тарапынан желілер ажыратылмады.
Сонымен бір мезгілде «Karabatan Utility Solution» электр станциясының энергия жүйесімен байланыс желілері ажыратылды, осының нәтижесінде электр станциясы генерацияны нөлге дейін төмендетіп, бұл жиіліктің автоматиканың іске қосылу тағайыншамаларына дейін төмендеуіне әкелді. «KEGOC» АҚ электр желілері мен Қазақстанның батысындағы электр станцияларының аварияға қарсы автоматикасы жиілікті төмендету талаптарын ескере отырып, штаттық режимде іске қосылды. Жиілікті босату автоматикасы жұмысының арқасында тұтынушылардың шамамен 90%-ының электрмен жабдықталуын сақтай отырып, Атырау және Маңғыстау облыстары тұтынушыларының толықтай ажыратылуына жол берілмеді.
Қазіргі уақытта технологиялық бұзылыстарды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс