Баспасөз хабарламалары

KEGOC АҚ-ның жаңа қосалқы станциясы Түркістан қаласының келешектегі сұраныстарын қамтамасыз ететін болады

      Түркістан қаласының маңында кернеуі 220 кВ «Орталық» жаңа қосалқы станциясын іске қосу рәсімі өтті. Қосалқы станция «KEGOC» АҚ-ның «Түркістан қаласының сыртқы электрмен жабдықтау схемасын күшейту. Электр желілік объектілер салу» жобасының шеңберінде жүзеге асырылды. Жалпы құны 9,93 млрд. теңгені құрайтын жоба Компанияның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

         Салтанатты рәсімге «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы А.М. Сәтқалиев, Түркістан облысының әкімі Ө.Е. Шөкеев, «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Қ.Т. Молдабаев, сондай-ақ мердігерлік ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

         Жоба шеңберінде 220 кВ және 110 кВ ашық тарату құрылғылары, 10 кВ жабық тарату құрылғылары, жалпы қосалқы станциялық басқару пункті, өрт сөндіру сорғы станциясы, қосалқы ғимараттар (көлікжай, БӨП), кірме автомобиль жолы салынды. Сонымен қатар 220 кВ «Шымкент-500-ГНПС» және «ГНПС - Кентау» әуе электр жеткізу желілері реконструкцияланды. Энергия объектісінің номинал қуаты – 250 МВА.

Жоба Түркістан энергия торабында электр энергиясын тұтынудың болжамды айтарлықтай өсуіне байланысты салынды. Жаңа қосалқы станциясына қуатылығы шамамен 180 мегаватт қосу мүмкіндігі бар, бұл Түркістан қаласының жазда тұтыну көлемінен 3 есе көп – шамамен 50-60 мегаватт.

- Жаңа қосалқы станция Түркістан энергия торабын электрмен жабдықтаудың қосымша орталығына айналады. Осының арқасында жергілікті тарату электр желісін дамыту үшін жағдайлар жасалады, сондай-ақ өңірлік желінің қажетті өткізу қабілеті қамтамасыз етіледі, - деп атап өтті KEGOC компаниясяның басшысы Қаныш Молдабаев.

KEGOC компаниясяның басшысы жобаның әлеуметтік маңызын атап өтті. Сонымен, құрылыс кезінде 114 жұмыс орны құрылды, ал пайдалануға берілген қосалқы станцияда тұрақты жұмысқа 10 адам жергілікті кадрлардан жасақталған. Бұдан басқа, жобаны іске асыру кезінде отандық өндірістің материалдары мен жабдықтары кеңінен пайдаланылды.

        

Анықтама:

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Қызметтің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 27 000 км болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 38,99 ГВА болатын 82 қосалқы  электр станциялары бар. Компанияда 4,4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс