Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ электр желілерінде (Солтүстік-Оңтүстік транзиті) 2022 жылғы «07» қыркүйекте орын алған авариялық бұзылыстар туралы баспасөз хабарламасы

2022 жылғы 07 қыркүйекте сағат 15:38-де Қазақстанның Біртұтас энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Оңтүстік аймағын энергиямен жабдықтау жүзеге асырылатын Солтүстік-Оңтүстік транзитінің құрамындағы 500 кВ Ж-5170 Екібастұз-Ағадыр ӘЖ ажыратылды.

«KEGOC» АҚ-ның аварияға қарсы автоматикасы штаттық режимде жұмыс істеді, Қазақстан БЭЖ-інің және Орталық Азия біріккен энергия жүйесінің қатарлас жұмысы сақталды.

Аварияға қарсы автоматика жұмысының әсерінен болатын шектеулердің алдын ала көлемі – 615,9 МВт соның ішінде:

- Алматы облысы - 180 МВт,

- Жетісу облысы - 60 МВт,

- Қарағанды облысы - 182 МВт,

- Ұлытау облысы - 13 МВт,

- Түркістан облысы - 36,4 МВт,

- Жамбыл облысы - 144,5 МВт.

Сағат 15:59-да ӘЖ жұмысқа қосылды, тұтынушыларды энергиямен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді.

Ажыратудың себебі даладағы өрттен болған деп алдын-ала болжанып отыр.

 

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс