2022 жылғы 24-25 қыркүйекте Астана қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында VII Спартакиадасының Суперфиналы өтті.
«KEGOC» АҚ атынан Ұлттық диспетчерлік орталығы, сондай-ақ 9 өңірлік филиал және «Энергоинформ» АҚ-дан аймақтық жарыстарда үздік деп танылған 94 қызметкер қатысты. Олар спорттың 7 түрінен, яғни, мини-футбол, волейбол, армрестлинг, үстел теннисі, шахмат, арқан тарту және тоғызқұмалақ ойындарынан бақ сынады.
Көрермендер трибунасынан KEGOC атынан келген жанкүйерлер саны жағынан көп болғанын ерекше атап өткен жөн. Спортқа бей-жай қарамайтын Компания қызметкерлері әріптестеріне қолдау білдіру үшін көптеп жиналды.
Бәсекелі жарыста жүлделі орындарға ие болған спортшылар:
2-орын - Мәулен Кеңесбекұлы («KEGOC» АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалы) – ерлер арасындағы тоғызқұмалақ бойынша;
3-орын - Әсел Абатова («KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалы) – әйелдер арасындағы тоғызқұмалақ бойынша;
2-орын – «Орталық ЖЭТ» командасы – мини-футбол бойынша;
2- орын – «Ақтөбе ЖЭТ» және «Батыс ЖЭТ» командасы – волейбол бойынша;
3-орын – «Ақтөбе ЖЭТ» және «Батыс ЖЭТ» командасы – арқан тарту бойынша;
Сондай-ақ, «Орталық ЖЭТ» филиалы Өндірістік-техникалық қызметінің инженері Данияр Тоғайбаев «Үздік қақпашы» атанды.