Баспасөз хабарламалары

KEGOC-та жекешелендіру бағдарламасы және IPO тақырыбы бойынша ақпараттық кездесу өтті

3 қазанда «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпочта» АҚ, Қазақстан қор биржасы (KASE), Халықаралық қаржы орталығы (Astana International Exchange, AIX) сарапшылары, сонымен қатар брокерлік ұйымдардың өкілдері «KEGOC» АҚ ұжымымен жекешелендіру бағдарламасы және «Самұрық-Қазына»АҚ IPO бойынша ақпараттық кездесу өткізді.

Сарапшылар инвестициялау қағидаттарын, акциялардың құны мен биржалық бағамы неге байланысты екендігін, брокерлік компанияда өз шотыңызды қалай ашуға болатындығын, бөлшек инвестициялар кезінде нарықтық тәуекелдерді неліктен ескеру қажеттігін түсіндіруге ерекше назар аударды.

KASE және AIX өкілдері қор биржасының қалай жұмыс істейтінін, оның IPO ұйымдастырудағы рөлі, «Қазатомөнеркәсіп», «KEGOC» және «ҚазТрансОйл» сияқты компанияларда IPO-ның табысты өтуінің үлгісі, қор нарығының қаржы құралдары, IPO өткізу кезеңінде инвестициялаудың артықшылықтары, ресми ақпарат көздерінде шыққан қаржылық есептеме арқылы компанияның қаржылық жағдайын тексеру мүмкіндігі туралы айтып берді.

Tabys мобильді қосымшасы немесе Қазпочта бөлімшелері арқылы IPO-ға қатысу ыңғайлы тәсілдердің бірі болып табылады. Акцияларды сату үшін кейіннен брокерден шот ашу қажет болады. Акцияларды сатып алу кезінде қазақстандықтар компанияның пайдасынан дивидендтер түрінде де, акцияларды кейіннен қайта сатудан түскен табыс түрінде де пайда ала алады.

Брокерлер акцияларды сатып алуға өтініш беру рәсімдері, лицензияланған брокерлерді таңдаудың артықшылықтары туралы толықтай әңгімеледі. Сонымен қатар, сарапшылар миноритарлық акционерлердің құқықтары, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниясының қызметі және IPO мерзімдері туралы айтты.

Кездесу соңында сарапшылар алаяқтар жасаған қосымшалар мен түрлі-түсті жалған бейнелері бар сайттар арқылы әлеуетті инвесторларды адастыратын алаяқтардан сақ болуды ұсынды. Алдағы IPO туралы барлық қажетті ақпарат ресми ақпарат көздері арқылы халыққа уақтылы жеткізілетін болады. Мысалы, «Самұрық-Қазына» АҚ IPO және жекешелендіру бағдарламасы туралы толығырақ www.ipo.sk.kz мамандандырылған интернет-ресурсынан және эмитент-компаниялардың ресми сайттарынан біле аласыз.

Анықтама ретінде: 2025 жылға дейін бәсекелестік ортаға «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ішінара 7 ірі активі, оның 6-уы IPO арқылы шығарылады. «ҚазМұнайГаз"» IPO осы жылға жоспарланған. AIX және KASE алаңдарында орналастырылады.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс