Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ ХҚДБ ҚАРЫЗЫН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ӨТЕДІ

Валюталық тәуекелді, борыштық жүктемені және шетел валютасындағы қарыздарға қызмет көрсету шығыстарын төмендету мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айында 46,3 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі «KEGOC» АҚ Халықаралық қайта құру және даму банкінің қарызын мерзімінен бұрын толық өтеді. 71,4 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі кредит бойынша қаражат 2010 жылы «Қазақстан ҰЭТ-не кернеуі 500, 220 кВ желілерімен қосыла отырып, 500кВ Алма ҚС салу» инвестициялық жобасын іске асыру үшін соңы өтелуі 2035 жыл болып белгіленіп, 25 жыл мерзімге тартылды.

«KEGOC» АҚ жобаны іске асыруды 2012 жылдың соңында аяқтады. 500 кВ «Алма» ҚС жұмысына қосу Алматы өңірінің Қазақстан БЭЖ-іне қосылуының екінші нүктесін қамтамасыз етті, бұл тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін айтарлықтай арттырды. Бұған дейін Алматы энергия торабын сыртқы көздерден электрмен жабдықтау шекті жүктеме режимінде жұмыс істеген жалғыз 500 кВ «Алматы» ҚС арқылы жүзеге асырылған болатын.

500 кВ «Алма» ҚС-ны салу барысында 370-ке жуық жаңа жұмыс орны пайда болды, отандық өндірушілердің материалдары мен жабдықтары кеңінен пайдаланылды. Бұл темірбетон бұйымдары («Темірбетон» ЖШС), металл конструкциялары («Метокон» ЖШС және «Zhersu Metal» ЖШС), релелік қорғау құрылғыларына арналған шкафтар («Электросервис» АҚ және «Информэнерго» ЖШС), кабельдік өнім және сым («Қазэнергокабель» АҚ), 10/0,4 кВ жиынтық-трансформаторлық қосалқы станциялар («Кентау трансформатор зауыты» АҚ).

 

Анықтама:

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Қызметтің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 27 000 км болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 38,99 ГВА болатын 82 қосалқы  электр станциялары бар. Компанияда 4,4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс