Баспасөз хабарламалары

KEGOC 2022-2023 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа дайындық паспортын алды

ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «KEGOC» АҚ-ға 2022-2023 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық паспортын берді.

Ағымдағы жылдың сәуір айында басталған жөндеу науқанының барысында 94 әуе электр жеткізу желісінде жоспарлы жұмыстар жүргізілді, 37 қосалқы станция жабдығы жөнделді. Бұдан басқа, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, конструкциялардың авариялық қоры толықтырылды, қыс мезгілінде Қазақстанның Ұлттық электр торабының сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті трансформаторлық май мен жанар-жағармай материалдарының жеткілікті қоры жасалды.

Уәкілетті орган KEGOC-тың барлық тиісті жұмыстарды орындағанын және күзгі-қысқы ең жоғарғы жүктеме кезеңінде тұтынушыларды сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге дайындығын растады.

Анықтама:

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Қызметтің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 27 000 км болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 38,99 ГВА болатын 82 қосалқы  электр станциялары бар. Компанияда 4,4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс