Баспасөз хабарламалары

KEGOC 2022 жылдың бірінші жартыжылдықтағы барлық кірісін дивидендтерге жұмсайды

2022 жылғы 27 қазанда «KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті. Жиында «KEGOC» АҚ-ның 2022 жылғы жартыжылдық қаржылық есептемесі бекітілді. Дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды және «KEGOC» АҚ-ның бір жай акцияға есептегенде дивиденд мөлшері бекітілді.

Бекітілген қаржылық есептемеге сәйкес компанияның 2022 жылғы 1- жартыжылдықтағы шоғырландырылған таза табысы 14 млрд. теңгені құрады. Төлеуге берілетін дивидендтердің жалпы сомасы 17 млрд. теңгені құрайды, оның 3 млрд. теңгесі өткен кезеңдердің бөлінбеген пайдасының бір бөлігі болып табылады.

Осылайша, «KEGOC» АҚ таза пайданың 120% - ын төлемге жұмсайды, бұл бір акцияға есептегенде 65,44 теңгені құрайды

2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2022 жылғы 15 желтоқсандағы 00 сағат 00 минуттағы жай-күй бойынша тіркелетін болады. Дивидендтер төлеу 2022 жылдың 20 желтоқсанында басталады.

АНЫҚТАМА РЕТІНДЕ:

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функцияларын орындайды, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын кернеуі 220-1150 кВ шамамен 27 000 км электр жеткізу желілері және трансформаторлардың белгіленген қуаты 38,99 ГВА 82 электр қосалқы станциялары бар. Компания туралы толығырақ ақпарат оның www.kegoc.kz корпоративтік Интернет-ресурсында орналастырылған.



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс