Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ-да 2022 жыл еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы болып жарияланды

Өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін арттыру және еңбекті қорғау саласындағы озық әлемдік тәжірибелерді енгізу мақсатында 31 қазан мен 11 қараша аралығында Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері мен «KEGOC» АҚ ЖЭТ филиалдарының басшылары «NEBOSH IGC» курсы бойынша оқудан өтті.

NEBOSH – Ұлыбританияның еңбекті қорғау жөніндегі ұлттық емтихан кеңесі, өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мамандарды даярлау, аттестаттау және сертификаттау жөніндегі бүкіл әлемде танылған орган.

«NEBOSH IGC» бойынша курс екі модульден тұрады:

«IG1 модулі» «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын басқару»;

«IG2 модулі» «Жұмыс орнындағы тәуекелді бағалау».

Курс соңында және емтихандарды сәтті тапсырғаннан кейін білім алушыларға Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша халықаралық сертификат беріледі.

«NEBOSH IGC» еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын тиімді басқару тәсілдерін, сондай-ақ әрбір жұмыс орнында негізгі қауіпті факторларды анықтау, азайту және басқару тәсілдерін қамтиды. Тәуекелді бағалау адамдар орындайтын нақты тапсырмаларды көрсететін болса, «NEBOSH IGC» біліктілігінде маңызды орын алады.

Әлемнің озық компаниялары өз басшылары мен қызметкерлерін «NEBOSH IGC» курсы бойынша оқытады, өйткені бұл еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы кең ауқымды мәселелерді терең түсінуді қамтамасыз етеді және қажетті біліктілік болып табылады.

«KEGOC» АҚ компаниясы «Vision Zero» тұжырымдамасын ұстана отырып, жұмыс орындарында нөлдік жарақаттануды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметкерлерін оқытуды одан әрі жалғастырады.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс