Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ-да болашағы зор жас мамандарды оқыту, тәжірибелерін жетілдіру сессиялары өтті

3-4 қарашада елордада «KEGOC» АҚ өндірістік филиалдарының болашағы зор жастар өкілдерінің компания басшылығымен кездесуі өтті.

Кездесуге қатысушыларға арнаған сөзінде басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев «KEGOC» АҚ үшін Қазақстан Республикасының бас электр желілік компаниясы ретінде, құнды кадрларды анықтау және дамыту тұрақты жұмысты қамтамасыз ету және компанияның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін қажетті шаралар болып табылады»,- деп атап өтті.

Екі күндік бағдарлама аясында бизнес-тренинг, зияткерлік ойын, өндірістік қауіпсіздік, қаржылық сауаттылық және компанияның технологиялық даму жобалары бойынша оқыту ақпараттық сессиялары өтті. Қатысушылар елорданың басты көрікті жерлерімен танысып, хоккей матчын тамашалады.

Кездесудің жас қатысушыларының айтуынша бағдарлама өте мазмұнды болды және жұмысты өнімді жасауға ықпал етті. Кездесу көңілінен шыққан «Ақтөбе ЖЭТ» филиалының 500 кВ «Өлке» қосалқы станциясының бастығы Мәлік Маханбетов: «Кездесудегі белсенділіктің қызықты форматы өзін және көшбасшылық қасиеттерін ашуға, әріптестерімен танысуға және қарым-қатынас орнатуға, жаңа білім алуға мүмкіндік берді». - деп өз әсерімен бөлісті.

Компанияда жас кадрларды дамыту және қолдау, оларды оңтайландыру және қызмет тиімділігін арттыру жолдарын іздеу үдерістеріне тарту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, әлеуеті компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге қызмет ете алатын болашағы зор қызметкерлерді анықтауға және дамытуға бағытталған таланттар пулын қалыптастыру процесі енгізілді.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс