Баспасөз хабарламалары

Токиода «KEGOC» АҚ мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында келіссөздер өтті

2022 жылғы 1 желтоқсанда «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушы директоры Нандит Паршадпен келіссөздер жүргізді. Кездесу Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның қатысуымен Токиода (Жапония) өтіп жатқан Орталық Азия инвестициялық форумы аясында өтті.

Келіссөздер барысында ЕҚДБ-ның Қазақстанның Ұлттық электр торабын жаңғыртуға және одан әрі дамытуға бағытталған KEGOC жобаларын қаржыландыруға қатысу перспективалары талқыланды.

Қазіргі уақытта қазақстандық ұлттық компания бірқатар жобаларды іске асыруда, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Батыс Қазақстанның энергожүйесін Қазақстан БЭЖ-мен біріктіру» және «Қазақстан БЭЖ оңтүстік аймағының электр желісін күшейту» ірі инвестициялық жобаларын іске асыруға кірісуде.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс