Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төледі

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешіміне сәйкес «KEGOC» АҚ 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындылары бойынша дивидендтер төледі.

Дивидендтер төлемі 17,014 млрд. теңгені құрады немесе бір жай акцияға 65,44 теңге, яғни бұл есептік кезеңдегі таза пайданың 120% құрайды.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2022 жылғы 15 желтоқсандағы 00 сағат 00 минуттағы жай-күй бойынша тіркелді.

Дивидендтер төлеу «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ төлем агенті арқылы жүргізілді. IPO-ға шыққан сәттен бастап компания жалпы сомасы шамамен 205 млрд. теңгеге дивидендтер төледі.

Анықтама:

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Қызметтің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 27 000 км болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 38,99 ГВА болатын 82 қосалқы  электр станциялары барКомпания туралы толық ақпарат оның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.

 

 

 

 

 

 

 



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс