Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Батыс өңірдің электр желісін күшейту жобасының іске асырылу барысымен танысты

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев «Батыс ЖЭТ» филиалының ұжымымен кездесті және 220 кВ «Құлсары» қосалқы станциясының мастері Серік Бағытовты қоныс тойымен құттықтады.
Серік Бағытов жақында пәтерді жеңілдетілген ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша сатып алған. Бұл бағдарлама KEGOC АҚ-да ағымдағы жылдың басында іске қосылды және жоғары білікті өндірістік кадрларды ұстап қалуға және тартуға бағытталған. Қазіргі уақытта бұл бағдарлама арқылы компанияның 35 қызметкері пәтер сатып алды.

Сондай-ақ, Қаныш Молдабаев KEGOC-тың «Қазақстанның БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» инвестициялық жобасының іске асырылу барысымен танысты. Жоба Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігі мен өткізу қабілетін арттыруға, республиканың батыс облыстары арасында 220 кВ электр желілерін күшейтуге бағытталған.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс