2023 жылғы 7 маусымда «Astana Finance Days» конференциясы аясында «Green Finance Awards 2023» марапаттау рәсімі өтті. Шара барысында KEGOC компаниясына 2022 жылы «жасыл» облигациялардың ең ірі шығарылымы үшін «Ең ірі қаржылық емес корпоративтік жасыл облигация» аталымы бойынша сыйлық табыс етілді.
Аталмыш сыйлық жасыл экономикаға көшу және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қаржыландыру жөніндегі компания жұмысына берілген жоғары баға. 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап «KEGOC» АҚ жалпы орналастыру көлемі 33 млрд. теңгені құрайтын «жасыл» облигацияларды екі мәрте шығарған болатын. Одан түскен қаражат «KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ әуе желілерін қайта құру» және «Қазақстанның БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік обьектілердің құрылысы» сынды компанияның инвестициялық жобаларын қаржыландыруға бағытталды.
Электр жеткізу әуе желілерін қайта құру электр желілерінің сенімді жұмысын қамтамасыз етеді, тұтынушылардың электр энергияны тұтынудағы шығындардың көлемін оңтайландыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ «KEGOC» АҚ қызметінің тиімділігін арттырады. Бұдан бөлек, жаңа электр желілік объектілерді салу есебінен Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Батыс аймағындағы тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі артады.
Green Finance Awards лауреаттары 2 жылда бір рет анықталады. Биыл Орталық Азия, Шығыс Еуропа, Кавказ және Моңғолия аймағында 2021-2022 жылдары тұрақты қаржыландыру нарығын дамытуға үлес қосқан ұйымдар марапатталды.
Анықтама:
«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Қызметтің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 27 000 шақырым болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 38,99 ГВА болатын 82 қосалқы электр станциялары бар. Компания туралы толық ақпарат www.kegoc.kz корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған.