Баспасөз хабарламалары

KEGOC Қазақстанның Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту жөніндегі жобаны жүзеге асыруға кіріседі және Азия даму банкімен ынтымақтасуға ниетті

KEGOC Қазақстанның Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту жөніндегі жобаны жүзеге асыруға кіріседі және Азия даму банкімен ынтымақтасуға ниетті

«KEGOC» АҚ «Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілердің құрылысы» жобасын жүзеге асыруға кіріседі және Азия Даму Банкімен жобаны қаржыландыру бойынша бірлескен ынтымақтастық туралы келісім-хатқа қол қойды. Құжатқа Азия Даму Банкінің жеке сектор инфрақұрылымдық жобалар департаментінің директоры Шантану Чакраборти (Shantanu Chakraborty) және «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев қол қойды.

Инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік аймақтың электр энергетикалық жүйесін күшейту, Қазақстанның БЭЖ-імен біріктіре отырып, Батыс өңірлері арасындағы транзиттік байланыстарды күшейту схемасын әзірлеу туралы тапсырмасы шеңберінде іске асырылуда.

- Бұл жоба Ұлттық электр торабын ауқымды жаңғыртуды көздейді, ол жаңа өндіруші қуаттарды енгізумен, оның ішінде ЖЭК-пен үндестірілуі және электр энергиясының қажетті өңіраралық мемлекетаралық ағындарын қамтамасыз етуі тиіс, - деп атап өтті Қаныш Молдабаев мандаттық хатқа қол қою рәсімі барысында.

Жобаның 1 кезеңі бойынша негізгі жұмыстарға «Шу – Жамбыл», «Жамбыл – Шымкент» бағыттарында кернеуі 500 кВ болатын электр жеткізу желілерінің жаңа тізбектерін салу, сондай-ақ 500 кВ-тық «Шымкент», «Жамбыл» және «Шу» үш қосалқы станцияны қайта құру және кеңейту кіреді.

Жобаның 1 кезеңі 30% компанияның меншікті қаражаты және 70% қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады. Іске асыру мерзімі: 2021-2027 жылдар.

Жобаны іске асыру «KEGOC» АҚ «Энергиялық ауысу жағдайында Қазақстанның БЭЖ сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету» дамуының үш стратегиялық мақсатының біріне қол жеткізу үшін «Электр энергиясын жеткізудің жаңа желілері мен қосалқы станцияларын салу арқылы ҚР ҰЭТ өткізу қабілетін арттыру» міндетін орындауды қамтамасыз етеді.

Анықтама:

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Қызметтің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 27 000 шақырым болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 38,99 ГВА болатын 82 қосалқы  электр станциялары бар. Компания туралы толық ақпарат www.kegoc.kz корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған.


Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші