Баспасөз хабарламалары

Маңғыстау облысында МАЭК-тегі аварияға байланысты электр энергиясының ауқымды ажыратылуы орын алды

«KEGOC» АҚ 2023 жылғы 11 тамызда Астана уақыты бойынша 14:20-да МАЭК ЖЭО-2-де екі турбоагрегаттың ажырағанын хабарлайды. Бұл тұтынушылардың келесі ажырауларына әкелді – Атырау энергия торабында 45 МВт, Маңғыстау энергия торабында 98 МВт. Автоматиканың штаттық режимде жұмыс істеуі желі және инфрақұрылым объектілері үшін ауыр зардаптардың туындауын болдырмауға мүмкіндік берді. 1-ші санатты тұтынушылардың, өмірлік маңызды объектілердің, соның ішінде ауруханалардың жұмысына залал келтірілген жоқ. 16:30-да жаңа авария болды – МАЭК АЭТ-те жүктеме 147 МВТ-қа төмендеп, 3-ші блок ажырады. Бұл электр қуатының тұтынушыларын Атырау энергия торабында 55 МВт-қа және Маңғыстау энергия торабында 35 МВт-қа шектеуге әкелді. Оның нәтижесінде 220 кВ Орал-Атырау-Маңғыстау транзиті қайтадан шамадан тыс жүктелді және 16:35-те 2540-желі аварияға қарсы автоматикадан ажырады. Сол себепті Атырау және Маңғыстау энергия тораптары оқшауланған жұмысқа бөлінді, сонымен қатар Қаламқас ГТЭС және Орал ГТЭС-200 электр станцияларының жұмысы бұзылды (генерация 116 МВт-қа төмендеді). 16:58-де Атырау және Маңғыстау энергия тораптарының қатарлас жұмысы қалпына келтірілді.

Ұлттық электр торабы штаттық режимде жұмыс істеуін жалғастырды. Бұл істен шыққан қуатты ішінара алмастыруға мүмкіндік берді. 19:15-те Атырау энергия торабында шектеулер толық алынды. 2023 жылғы 12 тамыздағы 01:00-дегі жай-күй бойынша шамамен 108,5МВт өнеркәсіптік тұтынушылар шектелді. МАЭК АЭТ 3-блогында авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын аяқтағанға дейін желінің шамадан тыс жүктелуінің алдын алу үшін Маңғыстау энергия торабының өнеркәсіптік тұтынушыларын күн сайын шектеу талап етіледі. Бұл ретте халықтың және әлеуметтік маңызды объектілердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге басымдық берілетін болады.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс