Баспасөз хабарламалары

2023 жылғы 7 айдағы «KEGOC» АҚ қызметінің операциялық нәтижелері

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың төрағалығымен өткен кездесуде 2023 жылдың 7 айындағы «KEGOC» АҚ қызметінің жедел көрсеткіштері айтылды.

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы штаттық режимде жұмыс істегенін хабарлады.

Есепті кезеңде энергия жеткізу бойынша қызметтер көлемі 32,4 млрд. кВтсағ, техникалық диспетчерлеу бойынша – 62 млрд. кВтсағ, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша – 119,5 млрд. кВтсағ құрады. Көрсеткіштер жоспарланғаннан орта есеппен 2% – ға жоғары, бұл электр энергиясын өндіру көлемінің артуына және Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығы субъектілері үшін электр энергиясын жеткізу көлемінің өсуіне байланысты.

Қызметтер көлемінің өсуі және шығындарды үнемдеу компанияның қаржылық нәтижелеріне оң әсерін тигізді. Таза табыс 26,55 млрд. теңге мөлшерінде алынды, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 70% - ға немесе 10,95 млрд. теңгеге жоғары. 2023 жылдың нәтижелері бойынша компанияның күтілетін таза пайда деңгейі 31,4 млрд теңгені құрайды, бұл 2022 жылғы нәтижелерден 17,7% - ға жоғары.

Бүгінгі таңда акциялардың бағасы бір акция үшін 1 575 теңгені құрайды.
Компания Ұлттық электр торабын дамыту жөніндегі жобаларды жоспарлы түрде іске асыруды жалғастыруда. Олардың ішінде «KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ әуе желілерін қайта құру (1-кезең)», «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту» жобаларын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған, сондай-ақ «Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту» және «Батыс Қазақстанның энергожүйесін Қазақстан БЭЖ-мен біріктіру» жобалары бар.

 Анықтама:

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Қызметтің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 27 000 шақырым болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 38,99 ГВА болатын 82 қосалқы электр станциялары бар. Компания туралы толық ақпарат www.kegoc.kz корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған.



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс