Баспасөз хабарламалары

KEGOC басшысы Астанада ұжыммен кездесті

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Астанадағы орталық кеңсе ұжымымен кездесу өткізді.
Төраға компанияның алдағы кезеңге арналған даму жоспарлары мен перспективаларымен бөлісті. Қызметкерлердің қойған сұрақтарына жауап берді және компанияның барлық бағыттары бойынша қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен бастамаларды тыңдады. Нәби Айтжанов компания қызметкерлерінің әл-ауқатын одан әрі арттыру жоспарларына үлкен назар аударды.
«KEGOC қазақстандық электр энергетикасы саласының флагманы екені белгілі. Мұның бәрі осында жұмыс істейтін және компанияны дамытуға күнделікті күш салатын адамдардың арқасы. Мен үшін адами капиталды дамыту басты басымдыққа ие болып қала береді және біз бірлесе отырып, бұдан да биік жетістіктерді бағындыратынымызға сенімдімін», - деп атап өтті ол.
Кездесу TEDx форматында өтті, бұл тараптардың еркін және ашық пікір алмасуына мүмкіндік берді. Қатысушылар өздерін толғандыратын сұрақтар қойды, сондай-ақ жұмыс процестерін жақсарту жөніндегі көзқарастарымен белсенді түрде бөлісті. Бұл Басқарма төрағасының кестесінде белгіленген алғашқы кездесу, жақын арада KEGOC өңірлік өндірістік филиалдарында да кездесу өткізу жоспарланып отыр.

Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс