Баспасөз хабарламалары

KEGOC-та Қостанай энергия торабын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру жөніндегі ұтымгерлік ұсыныс қабылданды

2023 жылғы 8 қыркүйекте «KEGOC» АҚ Ғылыми-техникалық кеңесінің 6-шы отырысында «Сарыбай ЖЭТ» филиалының экономикалық тиімділігі бар «Қостанай энергия торабын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру» рационализаторлық ұсынысы бойынша өтінімі қаралды. Ұсынысты «KEGOC» АҚ Ғылыми-техникалық кеңесі перспективалы деп таныды және жоба «Сарыбай ЖЭТ» филиалында ендірілетін болады.

Ұсыныстың мәні «Қостанай-Орталық» 2066-Ж желі жүктемесін автоматты азайту (ЖАА) құрылғысын 1150 кВ «Қостанай» қосалқы станциясынан 220 кВ «Орталық» қосалқы станциясына ауыстыру және Қостанай энергия торабының қосалқы станциялары арасындағы желілерде ажыратқыштарды қосу логикасын қайта теңшеу болып табылады.

Өңірдегі транзиттің қолданыстағы схемасы кезінде 500 кВ «Қостанай-Сокол» желісі ажыратылған жағдайда «Центральная» қосалқы станциясын «Межрегионэнерготранзит» ЖШС желілері арқылы қуаттандыру қажеттілігі туындайды. Транзиттің ұсынылып отырған жаңа схемасы «Центральная» қосалқы станциясының тараптық ұйымдардың желілері арқылы қосылуын, яғни қызметтерге ақы төлеу шығындарын болдырмауға мүмкіндік береді.

Ұтымды ұсыныстың авторлары: «Сарыбай ЖЭТ» филиалының қызметкерлері – РҚжәнеЭҚ аға инженері В.В. Ковалёв, РҚжәнеЭҚ жетекші инженері В.Н. Кузнецов, Қостанай АДО бастығы С.М. Баишев және жүйелік қызметтер және ҰЭТ-ты дамыту жөніндегі басқарушы директор Н.Н. Керімқұлов (рационализаторлық ұсыныс әзірлеу кезінде «Сарыбай ЖЭТ» филиалының бас инженері болып жұмыс істеді).

Бұған дейін компанияның құзыретті құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе, техникалық талдау жүргізіліп, сонымен қатар ұсынылған шешімнің экономикалық әсері есептелген болатын. Рационализаторлық ұсыныстың авторлары ішкі тәртіпке сәйкес жоба қаржылық пайда әкелгеннен кейін сыйақы алатын болады.

KEGOC-та қызметкерлердің өндірістік процестерді оңтайландыру және жақсарту бойынша ұсыныстары жыл сайын қарастырылады. Ең үздік ұсыныстар жұмысқа ендіріліп, материалдық ынталандырлады. 2013 жылдан бастап «KEGOC» АҚ өндірісінде барлығы 254 рационализаторлық ұсыныс енгізілді. Қызметкерлердің идеялары күнделікті міндеттерді шешуге және компания процестерін жетілдіруге бағытталған.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс