2023 жылғы 25 тамызда S&P Global тәуелсіз рейтингтік агенттігі «KEGOC» АҚ-ға 51/100 деңгейінде S&P Global CSA Score 2023* ESG-рейтингін берді.
*S&P Global CSA Score 2023 (Corporate Sustainability Assessment - Корпоративтік тұрақтылықты жаһандық бағалау) - рейтингтік агенттіктің тұрақты дамудың үш негізгі сегменті негізінде есептелген Компания қызметін бағалауы: экология (E), қоғам (S), корпоративтік басқару(G), олардың әрқайсысы тиісті шағын сала үшін маңыздылығына қарай бағаланады. Осы үш көрсеткіштің әрқайсысы ESG мәселелері бойынша ұқсас компанияларға қатысты Компанияның қызметін тереңірек бағалауды қамтиды.
Мұндай рейтингтердің нәтижелері, ең алдымен, инвесторлар үшін инвестициялау туралы шешім қабылдауда маңызды. Инвесторлардың пікірінше, ESG қағидаттарына көп көңіл бөлетін ұйымдар ұзақ мерзімді перспективада табысты болады, өйткені олар тәуекелдерді азайтып, жаңа мүмкіндіктерді пайдалана алады. Компанияның өзі үшін ESG рейтингін алу ESG факторларын ұқсас сектордың басқа ұйымдарымен салыстырғанда енгізу бойынша өзінің нәтижелілігін бақылауға және дамытуға тұрарлық бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.
S&P Global компаниясының ESG рейтингі KEGOC-тың экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық тұрақтылық қағидаттарын ұстануға міндеттемесін растайды және оның тұрақты болашақты құруға қосқан үлесін мойындау ретінде қызмет етеді.
Электр желілік компания және Жүйелік оператор ретінде «KEGOC» АҚ-ның қоршаған ортаға ең маңызды оң әсері Қазақстанда «жасыл» энергетиканы дамыту үшін жағдай жасайтын ауқымды инвестициялық жобаларды белсенді іске асыру болып табылады.
KEGOC экологиялық мәселелерге көп көңіл бөледі, энергия тиімділігі мен ресурстарды үнемдеумен белсенді айналысады, СО2 тікелей шығарындылары мен суды тұтынудың деңгейі төмен. Сонымен қатар, Компания меритократия, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам құқықтарын сақтау қағидаттары негізінде қызметкерлермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатады, бұл әлеуметтік тұрақтылық индексінің (86%) жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.
Компания менеджментінің ESG факторларын стратегия мен бизнес-процестерге интеграциялау, корпоративтік басқару және іскерлік этика қағидаттарын ұстану, сонымен қатар KEGOC корпоративтік басқару рейтингі қызметі туралы ақпаратты ашудың ашықтығы мен сапасын арттыру жөніндегі көпжылдық күш-жігерінің арқасында ВВВ деңгейінде расталады.
«KEGOC» АҚ басқару процестерін жақсартуды жалғастыруда және ESG-тәсілдің барлық стандарттарының орындалуын қамтамасыз етеді. Компания электр энергетикасының тұрақтылығы мен сенімділігін арттыруға бағытталған технологиялық және инфрақұрылымдық шешімдерге инвестиция салуды жалғастыруды жоспарлап отыр.
S&P Global компаниясының «KEGOC» АҚ CSA нәтижелері S&P Capital IQ Pro платформасы және S&P Global қоғамдық веб-сайты арқылы капитал нарығының кең аудиториясына қолжетімді.
S & P Global Ratings компаниясының ESG бағалау туралы толық есебін төмендегі сілтеме арқылы алуға болады:https://www.spglobal.com/esg/scores/results?cid=5000964