2023 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов бастаған қазақстандық делегация Мәскеудегі (Ресей Федерациясы) бірқатар кездесулерге қатысты.
Ресей БЭЖ Жүйелік операторының жұмысымен танысу шеңберінде Қазақстан делегациясы басқару пунктінде, сондай-ақ Ресей БЭЖ Бас диспетчерлік басқармасының персоналды даярлау орталығында болды.
«БЭЖ ЖО» АҚ Басқарма төрағасы Федор Опадчий Ресей Федерациясы энергожүйесіндегі ағымдағы жағдайы туралы айтып берді, сондай-ақ Ресейде қолданылатын Ресей БЭЖ диспетчерлік басқару жүйелерімен таныстырды.
Екінші кездесу Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) алаңында өтті. ЕЭО-ға қатысушы елдердің өкілдері Ресейдің көтерме электр энергиясы нарығының сауда жүйесі әкімшілігінің (СЖӘ) алаңына болды. Делегаттар электр энергиясы нарығының бір тәулік бұрынғы және теңгерімдеуші нарықтың жұмыс істеу қағидаттарымен және шарттарымен танысты.
Делегация сапары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы уәкілетті органдары басшыларының кеңесу отырысына қатысумен аяқталды. Онда Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс істеуі бойынша әзірленіп жатқан құжаттар жобаларының келісілмеген тұстары талқыланды.