Баспасөз хабарламалары

KEGOC және Дүниежүзілік банк ынтымақтастық мәселелерін талқылады

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесті.

«KEGOC Дүниежүзілік банк ұйымдарымен көп жылдар бойы табысты және жемісті бірлесе жұмыс істеудің тәжірибесіне ие, атап айтқанда, Халықаралық Қайта Құру және Даму банкімен бірлесіп, еліміздің электр энергетикасы саласының объектілерін салуға және жаңғыртуға бағытталған бірқатар ірі ауқымды инвестициялық жобалар іске асырылды», - деп атап өтті Нәби Еркінұлы кездесу барысында.

Бүгінгі күні «KEGOC» АҚ Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, «Генерацияны дамытудың мемлекеттік жоспары шеңберінде Қазақстандағы ЖЭК интеграциясының әлеуетін бағалау» зерттеуін жүргізуді жоспарлап отыр.

Зерттеу жұмысының мақсаты Қазақстан БЭЖ-нің жалпы жай-күйін және оның ЖЭК-тің жоспарланған көлемін енгізуге дайындығын бағалау, қажетті инвестицияларды анықтау, Қазақстанның БЭЖ-нің 2035 жылға дейінгі дамуын ескере отырып, ЖЭК қуатын беру графигін тегістеу үшін ең аз шығындармен технологиялардың әлеуетті нұсқаларын бағалау, электр энергиясын сақтау жүйелерін және елде қолданылатын басқа да цифрлық технологияларды енгізу әлеуетін бағалау болып табылады. Сонымен қатар, бұған дейін KEGOC, Банк және Консорциум мамандары арасында бірқатар кездесулер өткізіліп, жоба шеңберінде өзара іс-қимыл бойынша ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.

KEGOC және Халықаралық Қайта Құру және Даму банкінің қатысуымен «Ұлттық электр торабын жаңғырту, I кезең», «Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісін салу», «Мойнақ ГЭС-і қуатын беру» және «Кернеуі 500 кВ,220 кВ желілері Қазақстан ҰЭТ-на жалғанатын 500 кВ Алма ҚС салу» жобалары іске асырылғанын естеріңізге саламыз.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс