Баспасөз хабарламалары

KEGOC су тасқынының салдарын жоюға 1 миллиард теңге бөледі

KEGOC табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерге 1 миллиард теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді. Қаражат Samruk-Kazyna Trust қорына аударылады.

 

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыповтың төрағалығымен өткен ТЖ-ға ден қою жөніндегі жедел штаб отырысы аясында портфельдік компаниялардың басшыларының қатысуымен ағымдағы су тасқыны жағдайы және табиғи апаттың алдын алуға және жоюға бағытталған шаралар талқыланды.

 

«KEGOC-та электр беру желілерін, ғимараттар мен құрылыстарды су тасқынынан қорғау бойынша барлық шаралар қабылданды, әуе желілерін тәулік бойы бақылау ұйымдастырылды, электр желілік объектілерде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бригадалар жұмылдырылды. Бүгінгі таңда KEGOC әуе желілерінің зақымдану қаупі жоқ», - деді Нәби Айтжанов.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс