Филиал директоры Рамазан Дөдешов филиалдың ағымдағы қызметі жайында баяндады.
«Ақмола ЖЭТ» – компанияның ең ірі филиалы саналады және Астана қаласының, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұтынушыларын электрмен қамтамасыз етеді. Биыл 8 айдың көлемінде филиалда электрмен жабдықтау сенімділігі артқан және желілердегі авариялық жайттар азайған. Филиалға қарасты 78 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталды, электр желілік нысандардың қысқа дайындығы белгіленген мерзімке сәйкес қамтамасыз етіледі.
Филиалда инвестициялық бағдарлама толық көлемде іске асуда, өндірістік активтердің тиісті жұмысы қамтамасыз етілген, тиісті жабдықтармен жарақтандырылған, сонымен бірге құрылыс-монтаждау жұмыстарының жоспары асыра орындалған.
Нәби Айтжанов филиалдың қызметіне жоғары баға берді. Сондай-ақ компанияның ағымдағы қызметі және оның одан әрі даму векторы туралы айтып берді. 2023 жылды компания жақсы нәтижелермен аяқтады, барлық негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілді. Энергия жүйесінің сенімді жұмысы қамтамасыз етілді. 2023-2024 жылдардағы ең жоғары жүктемелердің күзгі-қысқы кезеңінен сәтті өтті.
2024 жылдың 8 айында өндірістік және қаржылық көрсеткіштер бойынша қызметтің оптимистік нәтижелері байқалады. Бұл компанияға акционерлер алдындағы барлық міндеттемелерін орындауға және ҰЭТ дамыту бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Компания басшысы ҰЭТ-тің 2035 жылға дейін озық дамуы ескерілген компанияның жаңартылған даму стратегиясына тоқталды. Дәлірек айтқанда Smart Grid элементтерін енгізу жобары мен жасанды интеллектті қолдана отырып жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отырғанын атап өтті.
«Таяу болашақта бұл өңірде ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Біз Астананы сыртқы электрмен жабдықтау схемасын күшейтуге кірісеміз. Бұл заманауи технологияларды пайдалану тұрғысынан алғанда бірегей жоба саналады. Елорда маңында 500 кВ «Астана» цифрлық қосалқы станциясы салынады. Ол қазіргі елордалық 500 кВ-тық «ЦГПП» қосалқы станциясы мен Қарағанды қаласында салынатын қосалқы станциясының желілерімен жалғанатын болады. Сол себепті, филиал ұжымының алдында жоспарланған жобаларды іске асыруға барынша септесу міндеті тұр», - деп атап өтті Нәби Айтжанов.
Кездесу соңында компания басшысы инвестициялық бағдарлама шеңберіндегі міндеттер мен өндірістік қауіпсіздіктің барлық нормаларын қатаң сақтай отырып, жөндеу жұмыстарын жоспарланған мерзімде орындауды тапсырды. Компания басшысы ұжымға жақсы нәтижелері үшін алғыс білдіріп, қызметкерлерді өндірістік процестерді жақсартуда одан да белсенді болуға, сондай-ақ рационализаторлық қызметке және басқа да корпоративтік бағдарламаларға белсенді қатысуға шақырды.