Баспасөз хабарламалары

KEGOC 2024 жылғы 11 қазанда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналасын өткізу туралы хабарлайды

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі шешіміне сәйкес акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу 2024 жылғы 11 қазанға Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59 ғимарат, акт залы мекенжайы бойынша 11 сағат 30 минутқа бекітілді.
Акционерлердің жалпы жиналысында «2024 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдағы «KEGOC» АҚ қаржылық есебі, таза табысты бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау, сондай-ақ 2024 жылғы бірінші жартыжылдық бойынша «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы» мәселелер қаралатын болады.
Аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында KEGOC таза кірісі 35,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 53%-ға жоғары (23,0 млрд. теңге).
Акционерлердің жалпы жиналысында оң шешім қабылданған жағдайда, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында KEGOC акционерлеріне 22,7 млрд теңге сомасында таза пайданың 64,5%-ы бөлінетін болады, яғни бұл бір жай акцияға 82,40 теңгені құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қорытындысы бойынша KEGOC акционерлерге таза пайданың 97%-ын, яғни 4 42,1 млрд теңге көлемінде дивидендтер төледі. Бұл бір жай акцияға шаққанда 157,24 теңгені құрады.
KEGOC жылына екі рет дивидендтер төлейді және таза пайданың кем дегенде 60% дивидендтер төлеуге жұмсалады.
2014 жылдан бастап компания жалпы сомасы 260 млрд.теңгеден астам дивидендтер төледі.

Акционерлердің жалпы жиналысына хабарлама мен материалдар мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.kegoc.kz/for-investors-and-shareholders/raskrytie-informatsii/obshchie-sobraniya/

Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс