Баспасөз хабарламалары

Ташкентте Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның су-энергетика ведомстволары басшыларының жұмыс кездесуі өтті

2024 жылғы 12 қазанда Өзбекстанның Энергетика министрлігінде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның су-энергетика ведомстволары басшыларының жұмыс кездесуі өтті.

Қазақстан тарапынан кездесуге Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, Қазақстан Республикасының Су шаруашылығы және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ  «KEGOC» АҚ басшысы Нәби Айтжанов және ЖЭК қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы, «Самұрық-Энерго» компанияларының өкілдері қатысты.

Кездесудің басты назары күзгі-қысқы кезеңде су-энергетикалық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелеріне арналды. Қатысушылар желілердің жұмыс кестелерін келісе отырып, жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етудің одан арғы шараларын талқылады.

Сонымен қатар, Камбаратин ГЭС-1 құрылысын салу барысы және су-энергетикалық теңгерімді келісу мәселелері бойынша негізгі бірлескен жобалар талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тиісті хаттамаға қол қойды.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс