Баспасөз хабарламалары

KEGOC 2024 жылы отандық өндірушілермен 19,5 млрд теңгеге оффтейк-шарттар жасады

KEGOC компаниясы қазақстандық тауар өндірушілермен жалпы сомасы 19,5 млрд теңгеге оффтейк-келісімшарт жасады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5 есеге жоғары.

Бүгін «KEGOC» АҚ отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған дөңгелек үстел өтті. Шараға бизнес өкілдері, салалық қауымдастықтар және «KEGOC» АҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде отандық өндірісті дамыту мен қолдау шаралары, сондай-ақ импортты алмастыру саясатын жүзеге асыру үшін өндірушілер мен сатып алушылардың өзара іс-қимылы мәселелері қарастырылды.

Инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруда «KEGOC» АҚ жергілікті өндірушілердің өнімдеріне баса назар аударады. «Батыс Қазақстан энергетикалық жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен интеграциялау» және «Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін нығайту» сияқты ірі жобалар аясында отандық компаниялардың электр желілік жабдықтары белсенді түрде қолданылады.

Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Азия даму банкі «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу жүйесінің ашықтығын жоғары бағалағанын атап өткен жөн, бұл өз кезегінде халықаралық әріптестер мен инвесторлардың сенімін арттырды. Бұл ашықтық пен кәсібиліктің жоғары деңгейін дәлелдей түседі және Қазақстанда ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, компания Қазақстанда өндірілген арнайы автотехника мен оргтехниканы тұтынады. KEGOC отандық өнім ассортиментін кеңінен пайдалануға баса назар аударады. Олардың қатарында: электрогаз және вакуумдық ажыратқыштар, басқарылатын тұйықтағыш реакторлар, жоғары вольтты кірмелер, талшықты-оптикалық кабельдер және т.б. жабдықтар.

KEGOC отандық тауар өндірушілерді қолдауды жалғастырады. Осылайша ұлттық экономикамыз бен өндірістің дамуына өз үлесін қосады.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс