Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ «Самұрық-Қазына» портфельдік компаниялары арасында әлеуметтік тұрақтылық бойынша көшбасшы болып айқындалды

«Самұрық-Қазына» холдингі компанияларының тобына кіретін «KEGOC» АҚ портфельдік компаниялар арасында әлеуметтік тұрақтылық саласындағы көшбасшылық позициясын растады. «Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы» жеке мекемесінің өндірістік персонал арасында жүргізген жыл сайынғы зерттеуінің нәтижелері бойынша біздің компания өз саласында үздік атанып, 87% жоғары бағаға ие болды.

«Біздің жұмысымыз саладағы табысқа қол жеткізуге ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілікке және қызметкерлер мен олардың отбасыларының әл-ауқатына зор мән беруге бағытталған. Компания әлеуметтік тұрақтылық бойынша көшбасшы болып табылады, бұл қызметкерлердің өмір сүру сапасын жақсартуға және олардың кәсіби дамуына жағдай жасайтын, тиімді және тұрақты әлеуметтік бастамаларды енгізу бойынша көп жылдық жұмыстардың нәтижесі болып табылады», - деп атап өтті «KEGOC» АҚ HR, құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Төлеген Сафуани.

Қолайлы еңбек жағдайларын жасау, өзара сыйластық пен ашықтықты көздейтін корпоративтік мәдениетті қолдау, сонымен қатар әлеуметтік жобаларға белсенді қатысу қызметімізді жоғары бағалауға ықпал ететін негізгі факторлар болып табылады. KEGOC қызметкерлер үшін оқыту және біліктілікті дамыту бағдарламасын да іске асыруда. Бұл қызметкерлердің жаңа   кәсіби биіктерге қол жеткізулеріне мүмкіндік береді.

«Біз үшін әлеуметтік тұрақтылық бұл есептердегі цифрларды ғана емес, сонымен қатар адамдарға, олардың әл-ауқаты мен болашағына деген қамқорлығымызды білдіреді. Осындай жоғары бағаны иелену таңдаған жолымыздың дұрыстығын растап, осы бағытта бұдан әрі күш жұмылдыруға ынталандырады», - деп атап өтті «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ-да өткен салтанатты шарада Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдерінің қатысуымен портфельдік компаниялар арасында Адам құқықтары мен гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі ниеттер туралы мәлімдемеге қол қойылды.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс