«Энергоинформ» АҚ («KEGOC» АҚ еншілес ұйымы) Директорлар кеңесінің шешімімен 2025 жылғы 5 наурызда компанияның Басқарма төрағасы лауазымына Еділ Көпенов тағайындалды.
Еділ Көпенов – электр энергетикасы саласында тәжірибесі мол маман. Ол Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған, сондай-ақ Д. Қонаев атындағы университетте Executive MBA дәрежесін алған.
«Энергоинформ» АҚ-ға тағайындалғанға дейін «KAZENERGY» ЗТБ Энергетика саласын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды. Бұған дейін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС, «Самұрық-Энерго» АҚ және басқа да салалық компанияларда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.