Баспасөз хабарламалары

KEGOC жылдың үздік рационализаторлық идеяларын анықтады

«KEGOC» АҚ Ғылыми-техникалық кеңесінің отырысында жыл сайынғы рационализаторлық ұсыныстар байқауының қорытындылары шығарылды. Бұл бастама қызметкерлердің инженерлік әлеуетін ашуға және оларды жаңашылдық пен өнертапқыштыққа тартуға бағытталған.

2024 жылы KEGOC қызметкерлері 100-ден астам өтінім беріп, олардың 16-сы рационализаторлық ұсыныс ретінде танылды. Сараптамалық бағалау нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын – «Алматы ЖЭТ» филиалының қызметкерлері:
- 500 кВ реакторлары ажыратқыштарының қосу сәтін басқару үшін CSD100 құрылғысының қосу функциясын пайдалану.

2 орын – «Солтүстік ЖЭТ» және «Шығыс ЖЭТ» филиалдарының қызметкерлері:
- ЭВ-110/220 кВ бакты ажыратқыштарының жылытуды басқаруының қосымша схемасын өзгерту.
- Температуралық ауытқулар кезінде ТМГ-1000/10-УХЛ1 байланыс трансформаторының резервуарындағы трансформаторлық май көлемінің температуралық өзгерістерін өтемдеу жүйесінің құрылғысы және БТ пайдалану процесі кезінде салқындату жүйесінде тұрақты қысымды қамтамасыз ету.

3 орын – «Алматы ЖЭТ» және «Шығыс ЖЭТ» филиалдарының қызметкерлері:
- Сымның тіректің денесіне жақындауын болдырмау үшін арналған полимерлі изолятордан жасалған тірегіш.
- 10 кВ кернеудегі СЖТҚ-10 ұяшығының кабельдік бөлімі жағынан торлы қоршауды қате алып тастаған кезіндегі дыбыс сигнализациясы.
- Үшінші тарап ұйымдарының қосалқы станцияларында орнатылған РҚА терминалдары (Siprotec) үшін қашықтан қатынасу және уақытты синхрондауды іске асыру.

Жеңімпаздарға компания дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіріліп, ақшалай сыйақы берілді.

KEGOC қызметкерлердің жаңашылдыққа және ресурстарды тиімді пайдалануға деген ұмтылысын қолдауды жалғастырады. Компания бұл бағытты энергетика саласындағы тұрақты даму мен технологиялық көшбасшылықтың маңызды кепілі деп санайды.

– KEGOC қызметкерлерінің инновациялық белсенділігі – саланың технологиялық ілгерілеуіне және тұрақты дамуына үлес қосатын маңызды фактор. Алдағы уақытта біз рационализаторлық және өнертапқыштық жұмысты күшейтіп, барлық қызметкерлерді техникалық қана емес, сонымен қатар бизнес-процестерді оңтайландыру, басқару, цифрлық шешімдер және басқа да бағыттар бойынша идеялар ұсынуға ынталандыратын боламыз, – деді KEGOC басқарма төрағасы Нәби Айтжанов.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс