Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері жасанды интеллект мүмкіндіктерін зерттеді

Бүгін KEGOC-та Директорлар кеңесінің мүшелері үшін «Директорлар кеңестерінің жұмысында AI мен нейрожелілер: мүмкіндіктер, тәуекелдер және өзгерістерді басқару арқылы енгізу» тақырыбында дәріс өтті.

Бұл іс-шара цифрлық жетілдіру бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылып, стратегиялық басқаруда жасанды интеллект технологияларын қолдану жолдарын түсіндіруге бағытталды.

Дәріс барысында қатысушылар директорлар кеңесі деңгейінде жасанды интеллектті қолданудың практикалық кейстерімен танысып, нейрожелілерді енгізуге байланысты туындауы мүмкін тәуекелдер мен этикалық аспектілерді талқылады. Сондай-ақ, цифрлық трансформация жағдайында өзгерістерді басқару құралдарын үйренді.

Дәріс Директорлар кеңесінің мүшелері үшін қазіргі технологиялармен байланысты жаңа мүмкіндіктер мен сын-қатерлерді жаңаша бағамдауға мүмкіндік берген құнды білім көзі болды.


Жедел желі

Кері байланыс