KEGOC компаниясында энергетика саласының дамуына барынша үлес қосқан отбасылардың еңбегін айшықтайтын «Энергетиктердің еңбек әулеттері» байқауының қорытындысы шығарылды. Бұл – тек компанияның ішкі бастамасы ғана емес, компанияның басты құндылықтарының көрінісі: ұрпақтар сабақтастығы, тәжірибеге құрмет және отбасылық еңбек дәстүрлерін қолдау.
2025 жылдың қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздары:
- «Абыройлы әулет» – «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясынан Сүйіндіковтер әулеті электр энергетикасын дамытуға сіңірген еңбегі үшін;
- «Дәстүрі берік әулет» – «Шығыс ЖЭТ» филиалынан Запольскийлер әулеті саладағы ең ұзақ жиынтық еңбек өтілі үшін;
- «Ұрпақ сабақтастығы» – «Шығыс ЖЭТ» филиалынан Бочаровтар әулеті (әулет өкілі – Пашов Дмитрий Павлович) энергетика саласындағы кәсібін жалғастырған туыстарының ең көп саны үшін;
- «Әулет болашағы» – «Оңтүстік ЖЭТ» филиалынан Жүнісбековтер әулеті 29 жасқа дейінгі энергетикада еңбек ететін жастар саны бойынша көш бастағаны үшін марапатталды.
Династиялар байқауы – KEGOC компаниясының корпоративтік мәдениетін нығайтуға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі. Компания үшін ең басты құндылық – адам, оның жеке тарихы мен ортақ іске қосқан үлесі. Компания кәсіби дәстүрлерді сақтап, оны дамытуға үлес қосып жүрген, айналасына сенім мен жауапкершілікке негізделген орта қалыптастыратын қызметкерлерді жоғары бағалайды. Бүгінде KEGOC – жай ғана жұмыс беруші емес, бұл – әр қызметкердің еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, отбасылық тарихтың бір бөлшегіне айналатын кәсіби қауымдастық.
«Энергетика саласымен тағдырын ондаған жылдар бойы байланыстырып келе жатқан отбасылар бар. Олар саланың тұрақтылығы мен дамуына баға жетпес үлес қосып отыр. Мұндай әулеттердің үлгісі – KEGOC корпоративтік мәдениетін қалыптастыратын үздіксіз ұрпақ сабақтастығының жарқын көрінісі. Кәсіпке адалдығы, жоғары деңгейдегі жауапкершілігі мен жанашырлығы үшін барлық еңбек әулеттеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Мұндай оқиғалар KEGOC-тың сенімді жұмыс беруші ретіндегі беделін арттырып, энергетиктердің жаңа буынына шабыт береді», – деп атап өтті «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов.