KEGOC-та «Energy шуағы» әйелдер энергетикалық қауымдастығы құрылды
«KEGOC» АҚ-да әйел қызметкерлерін біріктірген «Energy шуағы» әйелдер энергетикалық қауымдастығы өз жұмысын бастады. 24 қыркүйекте алғашқы отырысы өтіп, KEGOC-тың корпоративтік өміріндегі маңызды оқиғаға айналды.
Жаңа ұйым гендерлік теңдік бастамаларын ілгерілетуге, әйелдердің корпоративтік және салалық өмірге қатысуын кеңейтуге, сондай-ақ олардың еңбегін мойындауға, соның ішінде өндірістік кәсіптердегі жетістіктерін бағалауға арналған алаң болмақ. Бұл бастама «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ерекше маңызға ие, себебі негізгі өндірістік процестерде еңбек ететін мамандардың рөліне назар аударылады.
«Компания басшылығы KEGOC-та әйелдер энергетикалық қауымдастығын құру бастамасын қолдады. Бұл KEGOC-тың ашық компания екенін, мұнда қызметкерлердің әлеуметтік тұрғыдан қорғалғанын, сондай-ақ әйелдерге кәсіби мүмкіндіктері мен әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік берілетінін көрсетеді», – деді «KEGOC» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева.
Бүгінде KEGOC-та әйелдер барлық бағыттарда белсенді еңбек етеді: олар әкімшілік-басқару персоналының 74%-ын құрап, менеджментте негізгі позицияларды иеленіп отыр. Сонымен қатар дәстүрлі түрде ерлерге тән инженерлік-техникалық мамандықтарда да еңбек етуде. Өндірістік персоналда әйелдердің үлесі 17%-ды құрайды, олардың қатарында электрмонтер, электрслесарь және лаборант секілді мамандық иелері бар.
KEGOC-та қызметкерлерді әлеуметтік қолдаудың кешенді жүйесі қалыптасқан, жайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайлары қамтамасыз етілген, кәсіби даму бағдарламалары енгізілген.
Компанияның стратегия және тұрақты даму жөніндегі басқарушы директоры Эльвира Қонақбаева атап өткендей, Әйелдер қауымдастығының құрылуы энергетика саласындағы әйелдерді қолдау ісін жаңа деңгейге – жүйелі және стратегиялық деңгейге көтеріп, оны KEGOC-тың корпоративтік саясаты мен гендерлік теңдік күн тәртібінің бір бөлігіне айналды: «KEGOC әйелдері – ұжымның белсенді әрі ұйымшыл бөлігі. Олар басқарудан бастап күрделі техникалық мамандықтарға дейін түрлі қызметтерде жұмыс істеп, ортақ іске айтарлықтай үлес қосып отыр. Әйелдер қауымдастығының құрылуы бізге кәсіби өсуді жүйелі түрде қолдауға және әріптестеріміздің әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады».
Алғашқы отырыста атқарушы комитет сайланды, қауымдастықтың атауы талқыланды, сондай-ақ әйел қызметкерлері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерін қаралды. Сонымен қатар, «Іс жүзіндегі көшбасшылық: таңдау энергиясы» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Осылайша, қауымдастық алғашқы күннен-ақ тәжірибе мен идеялар алмасуға, жаңа тәсілдерді енгізуге арналған ашық алаң ретінде танылды.