«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ («KEGOC» АҚ), Shanghai Electric Group Co., Ltd. және «Build Master Group» ЖШС Қазақстан Республикасындағы электр энергиясын жеткізку инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатта технологиялармен, біліммен және тәжірибемен алмасу, сондай-ақ бірлескен жобаларды келесі негізгі бағыттар бойынша пысықтау көзделген:
* жоғары кернеулі электр жеткізу желілері мен қосалқы станцияларды салу және жаңарту;
* цифрлық қосалқы станциялар, желіні интеллектуалды басқару жүйелері және Smart Grid шешімдерін енгізу;
* инвестициялар тарту және өндірісті жергілікті деңгейде дамыту;
* мамандармен алмасу және оқыту бағдарламалары.
«Біз үшін беделді халықаралық серіктестермен кооперацияны дамыту аса маңызды. Shanghai Electric-пен ынтымақтастық кәсіби тәжірибе алмастыруда жаңа мүмкіндіктер береді», – деп атап өтті «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов.
Shanghai Electric компаниясының вице-президенті Сяо Вэйхуа өз сөзінде: «Біз жоғары кернеулі энергия жеткізу және қосалқы станцияларды цифрландыру саласындағы халықаралық тәжірибемізбен бөлісуге, сондай-ақ үздік тәжірибелерді Қазақстан нарығының қажеттіліктеріне бейімдеуге дайынбыз», - деп атап өтті.
Анықтама:
АҚ «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) — Қазақстанның магистральдық электр желісінің ұлттық операторы. Компания электр энергиясын беруді және техникалық диспетчерлеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ желіні пайдалану мен дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Бұл елдің энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға және электр энергиясы нарығының интеграциясына ықпал етеді.
Shanghai Electric Group Co., Ltd. — энергетикалық машина жасау, электртехникалық жабдықтар және энергетика мен өнеркәсіпке арналған цифрлық шешімдер саласында маманданған жаһандық технологиялық топ.