2026 жылғы 29 сәуірде «KEGOC» АҚ-да жария тыңдаулар өтті. Онда компания 2025 жыл бойынша бекітілген тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалуы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінің қызмет тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу бөлігінде қызмет қорытындыларын ұсынды.
Қатысушыларға компания қызметі, 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның орындалу қорытындылары, реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша бекітілген тарифтік сметалардың баптар бойынша орындалуы, сондай-ақ компанияның негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпарат ұсынылды.
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдеріне ерекше назар аударылды, оның ішінде электр энергиясын беру, электр энергиясын желіге жіберу мен тұтынуды техникалық диспетчерлеу, сондай-ақ электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру.
Сонымен қатар, компания реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жұмыс, белгіленген сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы, қызмет тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарларын және тарифтердің ықтимал өзгерістерін қоса алғанда, одан әрі даму перспективалары туралы тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғаларды хабардар етті.
Жария тыңдаулар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес өткізілді және компания қызметінің тұтынушылар, мемлекеттік органдар және өзге де мүдделі тараптар алдында ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.