Ағымдағы жылдың 26 маусымында, жұма күні Бизнесті трансформациялау орталығы, компания басшылығы, филиалдар басшылығы мен олардың негізгі сарапшылары қатысқан алғашқы бейнеконференция өткізілді.
Алға қойылған мақсаттардың анықтығы, айқындығы мен ашықтығы, сонымен қатар олардың іс-тәжірибедегі қолайлылығы – бұл идеялардың жергілікті жерлерде алға басуындағы табыс кепілі. Тәжірибе көрсеткендей, әріптестеріміздің жұмыстарға дұрыс көңіл бөлінмеуі,кейде тиісінше жете бағаламауы үлкен қателікке әкеп соғады, оның салдары да бірден байқала қоймайды.
Жергілікті жерлердегі Бағдарлама бойынша қарым-қатынас жасаудың бірден-бір арналары - хабарламалар таратылатын электрондық пошта, корпоративтік сайт және компанияның ішкі корпоративтік порталы. Әрине, олардың пайдасы аз емес екені сөзсіз, бірақ бір-бірімен көзбе-көз жүздесе отырып, күрделі мәселелерді талқылау ақпарат алмасудың аса тиімді құралы болып табылады. Басқарма төрағасы Іс-шараларды осындай форматта тұрақты өткізу идеясын ұсынған болатын.. Оның пікірінше бейнеконференция орын алған проблемалық мәселелерді сындарлы талқылау мен және солар бойынша бірлесе отырып ұтымды шешімдер қабылдаудыңжұмыс алаңына айналуы тиіс.
Бейнеконференцияның негізгі мақсаты – филиалдардың басшылары мен негізгі сарапшыларына осындай жұмыс отырыстарын өткізудің маңыздылығы мен пайдасын жеткізу. Басқарма төрағасының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Бексары мырза: «Бейнеконференцияларды тұрақты түрде өткізетін боламыз, кәдімгі операциялық жағдайда белгілі бір кедергі келтіріп тұрған факторлардың болуына байланысты шешілуі қиын проблемалардың шешімін табу үшін бұл мүмкіндікті қолданып көрелік. Бұған біз немқұрайлы қарамауымыз қажет, компаниямыздың болашақтағы жұмыс қарқыны да осы жұмыстың қаншалықты сапалы жүргізілуіне байланысты. . Нәтижесінде біз активтерімізге қызмет көрсету жұмыстарының айқындығына қол жеткізетін боламыз.».
0 сатысының аяқталу нәтижелері, ағымдағы жұмыс пен таяу аралықтағы кезеңге жоспарланатын міндеттер туралы БТО блоктарының басшылары баяндама жасады.. Бейнеконференцияның барлық қатысушыларына алдын ала материалдар, сонымен қатар Трансформациялау бағдарламасы жөнінде таныстырылым мен басқа да құжаттар ұсынылды. Бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директор Катышев мырза бейнеконференцияда сөйлеген сөзінде, 0 сатысының аяқталу қорытындысы бойынша компания өте жоғары нәтижеге қол жеткізгенін, атап айтқанда 88%-ды құрағанына тоқталды, бұл көрсеткіш Қордағы Бағдарлама басшылығы тарапынан атап өтілді.
Бейнеконференция Бизнес-шешімдер әзірлеу блогының жұмысындағы маңызды тірек болмақ. Өндірістік жұмыс ғана проблемалар мен әлсіз тұстарды, тиімсіз және қолайсыз үдерістерді айқын көрсетеді, солар ғана еш қиналмастан кеңес беріп, «осал жерлерді» байқайды және кез келген мәселенің қатысты қауіпті тұстарын айта біледі. Бұрын филиал басшысы қызметін атқарған Бизнес-шешімдер әзірлеу блогының жетекшісі Хабибулла Асанұлы Қазиев өз баяндамасында жергілікті жерлердегі әріптестерге олардың көмегі мен қолдауы қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп, басты назар аударды. Ол тек 1-2-деңгейлі үдерістер карталарын құру бойынша ағымдағы қызмет туралы ғана әңгімелеп қойған жоқ, сонымен қатар суреттелген үдерістерді көрнекі түрде көрсетіп, жекелеген үдерістерді түзуде болған қиындықтарды атап кетті және барлық мәселелер бойынша бірлесе қызмет етуге шақырды.
Кездесу соңында бейнеконференция форматын компания қызметінің бағыттары бойынша тұрақты жұмыс кездесулеріне ауыстыру туралы шешім қабылданды. Филиалдардың басшылары олардың жұмыстарына қатысты үдерістерді құруға белсенді қатысуға өз қалауларын білдірді. Бұл үшін оларға БТО-мен өзара әрекет етуге жауапты бағыттар бойынша функционалдық топтар құру және соңғы аталғандарға нақты сұрақтар мен ұсыныстар жіберу жөнінде ұсыныс берді. Сонымен қатар, жергілікті жерлердегі әріптестердің бастамасы бойынша филиалдарда қолда бар байланыс арналарымен бірге Трансформациялау бағдарламасы жөніндегі ақпараттық стенділер пайда болмақ.