Баспасөз хабарламалары

Трансформациялау бағдарламасы мақсаттарының таныстырылымы - тікелей межеге жету!

Осыдан екі ай бұрын Бизнесті трансформациялау орталығы маман Гүлмира Мұқановамен бірлесе отырып, компанияның қызметкерлерін Бизнесті трансформациялау бағдарламасымен таныстыру және оған деген қызығушылықты арттыру жөніндегі бастамасын іске қосты. Барлық процесс Бағдарлама туралы көбірек ақпаратты білуі үшін, сондай-ақ  қызметкерлерге  трансформациялаудың іс жүзіндегі маңыздылығы мен оның қалай жұмыс істейтінін ұғынатынындай етіп ұйымдастырылды. Кездесулер нысаны  теориялық-практикалық сипатта өткізілді, соған қарамастан оған қатысушылар бизнесті трансформациялау туралы құнды ақпараттармен танысты. Бір жарым сағатқа созылған уақытта компания бөлімшелерінің қызметкерлері мен басшылары үшін таныстырылымды өткізуге, іс жүзінде күнделікті қарбалас жұмыстың тиімділігін арттыру маңыздылығын көрсетуге (іскерлік ойындар арқылы) мүмкіндік туды. Көрнекі ойын арқылы  адамдардың құндылықтарды құру кезіндегі іскерлік қабілеті,  құндылықтарды қалыптастырудың барлық кезеңдерінде олардың өзара бірлесе іс-қимыл жасай алатыны,  сондай-ақ мамандарды тарту мен мотивациялаудың маңызды екендігі көрсетілді. Ойынға нақты ҚНК белгіленді,  соның көмегімен  соңғы тұтынушыны қанағаттандыру деңгейіне қадағалау жасалды.

Бүгінде компания қызметінің әртүрлі бағыты бойынша 15-тен аса кездесу өткізілді. БТО барлық сарапшылары дерлік осы білгір де ізденімпаз маманның басшылығы арқасында таныстырылым дағдылары бойынша білімдерін шыңдау шеберлігінен өтті. Көптеген сарапшыларға  өз шеберліктерін әлі де болса шыңдау міндеті тұр, дегенмен  қазірдің өзінде олардың нәтижелері жаман емес. Трансформациялау жөнінде біртұтас идеяны тарату бөлігінде тың жетістіктерге қол жеткізілді, көптеген сарапшылар өз білімдерін жетілдіре түсті десек те болады.  

Мақсатты аудиторияға, компания қызметкерлеріне қатысты айтар болсақ,  алғашқы кездесулердің нәтижелері департаменттегі жай-күйге байланысты түрленеді. Трансформациялау туралы ұсыныс жасауға қызметкерлердің көбі сенімсіздікпен қарады,  әрине, ол белгілі жағдай,  компанияның негізгі құрамы трансформациялау ұғымын процестерді оңтайландырудың болмай қоймайтын салдарлары ретінде кадрларды оңтайландыру деп ұғынды. Алайда  таныстырылымның екінші бөлігі қызметкерлердің іс жүзінде  көптеген жағдайларда, ысырапты азайту құралдары ретінде бизнес-процестерді оңтайландыру бөлігінде трансформациялау туралы өз пікірлерін өзгертуге тура келді.

ЖБД, ББҚҚ, КҚД, ЖО ҰДО және ПД  ысырапты оңтайландыру жөнінде жақсы нәтижелер көрсетті. Бұл ретте, жүз пайыздық тиімділікпен шығуға қол жеткізе отырып, трансформациялау жөніндегі  ең үздік нәтижеге жетті!

Сындар да айтылды. КҚД және ІАҚ қызметкерлерімен кездесу барысында қызу талқылаулар мен пікірталастар орын алды. Қызметкерлердің басым көпшілігі үшін компания құнының құраушысын арттыруға,  турасын айтқанда, желінің сенімділігін арттыруға қатысты трансформациялау мақсаттары арасында теңгерімге қол жеткізу мәселесі көмескі мәселе болып қалды. Бағдарлама басшылары мен сарапшылар процестік құрылымды ең аз ысырыппен  қажетті теңгерімге  қол жеткізетіндей етіп құруға әрекет жасауға болады есептейді.

Қорытындылай келгенде,  сіздер мен біздердің  трансформациялаудың биік шыңдарын бағындырып, алға қойған келелі міндеттерімізді, идеяларымызды жүзеге асырып, үлкен жетістіктерге жете береміз деген сенімдеміз.  Ең бастысы, сіз бен біз еңбек етіп жүрген ұйым өзгермейтінін,  керісінше, адамдардың, олардың ойлау қабілетінің,  ұйымдағы өзгерістерді  қабылдау жағдайларының өзгеретінін түсінуіміз қажет.


Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші