Баспасөз хабарламалары

Функционалдық топтар

Бизнесті трансформациялау бағдарламасының ауқымды өзгерістер енгізетін бірден бір жоба екендігі ешкімге де құпия емес. Бұл өзгерістер біздің өмір тіршілігімізді дамытатын негізгі қағидаттар, соған сәйкес оны басқару қажет және оны басқара да аламыз. Ең алдымен6 өзгерістерді басқару үдерісінің өзгерістердің кез келген үдерісіне тікелей қатысушы адамдарға қатысы бар. Бизнесті трансформациялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде  өзгерістерді ендіруді қамтамасыз ету мақсатында компанияның еңбеккерлерімен жұмыс істеудің кешенді іс-шаралары жоспарланды.  Бизнесті трансформациялау орталықтары құрылған компанияларда өзгерістерді басқару жөніндегі барлық жұмыс Қордың Орталық командасының сарапшылары әзірлеген  методология негізіне құрылған.

Өзгерістерді басқару әдіснамасы мүдделі адамдарды тартудың белгілі бір іс-шараларын қарастырады. Мүдделі адамдарды тарту мониторингі құралдарының бірі әдіснамаға сай компания Басқарма төрағасының  дербес қатысу жоспары болып табылады, осы жоспар өзінің мән-мағынасы бойынша компания Басқармасының барлық құрамы үшін осындай жоспарларды әзірлеуге, сондай-ақ орындау көрсеткіштері үшін негіз болып табылады. Аталған құралдың тиімділігі іс-тәжірибе барысында айқын танылды. Дербес қатысу жоспарларын ендіру кезінде жинақталған нәтижелердің бірі  функционалдық топтарды  оның бағыттары бойынша ұйымдастыру болды. Топтың жұмысын жетекші басшы бақылайды және оған Бизнесті трансформациялау орталығының бөлімшелер басшылары, негізгі мамандары мен  сарапшылары кіреді. Осындай топтардың  осы кезеңдегі негізгі мақсаты  компанияның үдерістік үлгісін қарау және оның нәтижелерін нысанды түрде бекіту болып табылады.

Бүгінгі күні барлық бағыттар бойынша кездесулер іс жүзінде өткізілді. Көптеген үдерістік үлгілер бекітуге ұсынылды. Функционалдық топтар бойынша бастамаларды жан-жақты іске асыру  нәтижелерін нысандандыру және  мүдделі адамдардың негізгі бөлігін барынша тарту  мәселелерін қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік береді. Әрбір бағытқа арналған кездесулер негізгі мүдделі адамдардың дербес қатысу жоспарына тіркелген, бұл олардың мерзімінде өткізілуін реттеуге мүмкіндік береді.


Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші