Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ-да ұйымның тіршілік қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыстардың қорытындылары

Ағымдағы жылдың 19 мамырында  KEGOC-та Басқарма төрағасымен және тіршілік қабілеттілігін арттыру жөніндегі зерттеуге қатысушылармен басқару іс-тәжірибелерінің нысаналы мәндерін айқындау жөнінде  іріктеу сессиясы болып өтті. Бұл сессия тіршілік қабілеттілігін арттыру жөніндегі кешенді жұмыстарды жүргізудің соңғы нүктесі болып отыр. Зерттеу негізінде әйгілі «McKinsey» консалтингтік компаниясының әдіснамасы жатқанын атап өткен жөн, оның мақсаты ұйым ахуалын диагностикалау және компанияны басқарудың  болашақ моделін айқындау болып табылады.

37 басқару іс-тәжірибесі, 9 тіршілік қабілеттілігі элементі және 3 модель – мұның бәрі зерттеудің ажырамас құрамдастары. Оның іс-тәжірибелік бөлігі барысында респонденттер тіршілік қабілеттілігінің элементтеріне топтасқан басқару іс-тәжірибелерімен байланысты сұрақтарға жауап берді. Сұрақтар қызметкерлердің пікірі бойынша жауаптардың «қазір қалай» және «болашақта қалай болуы тиіс» екенін көрсететіндей құрылған болатын. Зерттеу тазалығы барлық үш мүдделі тұлғалар  тобының: компания басшылығының, орта буын басшыларының және негізгі қызметкерлердің қатысуы есебінен қамтамасыз етілді.  Респонденттердің қамтылуы 500 адамнан асып түсті.

Трансформациялау бағдарламасының базалық жоспарына сай, жұмыстар ағымдағы жылдың ақпанында басталған болатын және өзіне түсіндіру кездесулерін өткізу сияқты теориялық бөлігін және жазбаша сауалнамаларды толтыру мен жеке сұхбаттар жүргізуді білдіретін іс-тәжірибелік бөлікті қамтыды. Өзгерістерді басқару блогының қызметкерлері алынған деректерді талдау және нәтижелерді компания басшылығына ұсыну бойынша күрделі және ауқымды жұмыс жүргізді. Зерттеуге өңірлер белсене қатысты. Мұнда жергілікті жерлердегі өзгерістер агенттері үлкен көмек көрсетті, олар бұл үшін аталған жұмыстарды жүргізу бойынша ағымдағы жылдың наурызында екі күндік  іс-тәжірибелік курстан өткен болатын. Реттелген және бірыңғай  ұстанымның арқасында олар қысқаша мерзімде өңірлердің жұмыскерлерін жұмыстардың әдіснамасымен және мақсаттарымен таныстырып қана қоймай, алынған нәтижелерді респонденттер топтары мен қызмет бағыттары бойынша өңдеп үлгерді.

Барлық алынған деректер көлемі стримдер (компанияның қызмет  бағыттары) бойынша бөлінген болатын: Атқарушы дирекция (стратегиялық жоспарлау,операциялық қызмет, корпоративтік басқару), ЖЭТ филиалдары (активтерді тапсыру, басқару), «ЖО ҰДО» және «ӨДО» (диспетчерлендіру, теңгерімдеу), «Энергоинформ» АҚ және филиалдары (ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар) мен «ҚЕО» ЖШС (ЖЭК-ты қолдау). «КПМГ Такс энд Эйдвазори» ЖШС консультантымен бірлесе бағыттар бойынша іріктеу сессиялары өткізілді. Бұл сессиялардың барысында бағыттардың өкілдері күнтізбелік жыл ішінде қол жету үшін 10 басқару іс-тәжірибесі мен олардың нысаналы мәндерін басымды етіп бөліп көрсетті.

Үлкен диагностиканың соңын компанияның Басқарма төрағасымен және Басқарма мүшелерімен өткізілген іріктеу сессиясы аяқтады. Бұл сессия барысында 5 стрим бойынша таңдалған басым іс-тәжірибелер бойынша  көрініс пен олардың нысаналы мәндері көрсетілді. Дөңгелек үстел басында 8 жалпы басқару іс-тәжірибесі мен 4 айрықша іс-тәжірибе іріктеліп алынды: Ақтарушы дирекция мен қалған стримдер үшін екеуден. Сонымен қатар, әрбір бағыт үшін олардың нысаналы мәндері анықталды. Алайда, тіршілік қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыс осымен аяқталмайды. Компанияның құзыреттер моделі мен операциялық моделін қалыптастыру үшін кіріс деректері жұмыс нәтижелері болып табылады. Оларға қол жеткізу үшін толық жазылған жоспар әзірлеу болжамдалып отыр. Бұл жоспарды іске асыру тұтас бір жылға созылады және жоспарды іске асыру табысының пайызын анықтау үшін қайтадан зерттеу жүргізумен аяқталады. 


Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші