Сыртқы аудит

«KEGOC» АҚ қаржылық есептемесінің сыртқы аудитін 1997 жылдан бастап 2021 жылға дейін мынадай аудиторлық ұйымдар жүзеге асырды:

1997 – 1998 - Arthur Andersen & Co

1999 – «КПМГ Аудит» ЖШС

2001 – «Эрнст энд Янг» ЖШС

2002 - 2011 – «Делойт» ЖШС

2012 - 2020 - «Эрнст энд Янг» ЖШС

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін  «RSM Qazaqstan» ЖШС

«RSM Qazaqstan» ЖШС Қазақстандағы жетекші аудиторлық және консалтингтік ұйымдардың бірі болып табылады, ол RSM Qazaqstan RSM International мүшесі болып табылады, ол аудит, салық салу және консалтинг саласында қызмет көрсететін 6-шы ірі халықаралық фирмалар желісі (АҚШ-тағы 5-ші, «Үлкен төрттіктен» кейін) болып табылады. RSM International және оның мүше-фирмалары Халықаралық бухгалтерлер федерациясының (IFAC) фирмалар форумының (forum of Firms) толық құқықты мүшелері болып табылады.

RSM Qazaqstan:

  • Биржа аудиторлық ұйым ретінде таныған Қазақстан қор биржасын (бұдан әрі – KASE) аккредитациясын-1-деңгей.
  • «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ аккредитациясын, Холдингтің білікті өнім берушілерінің тізбесіне енгізілген аудиторлық ұйым ретінде.
  •  EBRD қаржыландыратын жобалар үшін қызметтерді жеткізуші ретінде танылған Еуропа қайта құру және даму банкінің (бұдан әрі – EBRD) аккредитациясын.
  • IFC қаржыландыратын жобалар үшін қызметтерді жеткізуші ретінде танылған Халықаралық қаржы корпорациясының (бұдан әрі – IFC) аккредитациясын.
  • IFC қаржыландыратын жобалар үшін қызметтерді жеткізуші ретінде танылған Еуропалық Одақтың (бұдан әрі – EU) аккредитациясын иеленген.

«RSM Qazaqstan» ЖШС аудиторлық қызметтерін сатып алу «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беруші акцияларының елу және одан көп пайызы (қатысу үлесі) «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың сатып алу қызметін басқару стандартына және «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы бекіткен (2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 46/16 хаттама) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және дауыс беруші акцияларының елу және одан көп пайызы (қатысу үлесі) «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдар үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөніндегі қағидаға сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2019 жылғы 3 шілдедегі № 161 хаттама) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беруші акцияларының елу және одан көп пайызы (қатысу үлесі) «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің 11-1 бабы 3-тармағының негізінде және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (2021 жылғы 31 мамырдағы № 22 хаттама) жүзеге асырылды.

Аудиторлық қызметтерді сатып алу туралы ағымдағы шарт 2021 жылдан бастап 2023 жылды қоса алғандағы кезеңге жасалды, шарт бойынша сыйақы сомасы ҚҚС-ны есепке ала отырып, 116 226 209 (бір жүз он алты миллион екі жүз жиырма алты мың екі жүз тоғыз) теңгені құрайды.

«RSM Qazaqstan» ЖШС көрсетілген кезеңде «KEGOC» АҚ-ға аудиторлық емес қызметтер көрсеткен жоқ.


Жедел желі

Кері байланыс