Баспасөз хабарламалары

"KEGOC" АҚ қызметінің операциялық моделі жаңартылды

Басқарма төрағасы Б.Т.Қажиевтің төрағалығымен өткен Архитектуралық комитеттің кезекті отырысында «KEGOC» АҚ қызметінің операциялық моделін жаңарту мәселелері қаралды. Процестік тәсілді толыққанды енгізу бойынша жұмыстар шеңберінде және Процестік басқару жүйесі саясатына сәйкес «KEGOC» АҚ Қызмет картасы, Бизнес-процестер тізілімі және «KEGOC» АҚ қызметі көрсеткіштерінің тізілімі процестік басқару жүйесінің (ПБЖ) негізгі құжаттары әзірленді және жаңартылды.

Бұл құжаттар компанияның қызметін процестер тұрғысынан айқындайды және процестерді басқару және оңтайландыру саласындағы кез-келген жобалар үшін орталықтандырылған нүкте болып табылады. Оларда рәсімдерді орындау тәртібі, компанияның лауазымды тұлғалары мен құрылымдық бөлімшелерінің бизнес-процестер үшін жауапкершілік аймағы реттелген, ақпараттық ресурстар мен процестердің нәтижелері сипатталған.

Қызмет картасы - бұл құндылықты құру ағынын айқын көрсететін және Компанияның бизнес-процестерінің жиынтығы мен реттілігін көрсететін процесті басқару жүйесінің негізгі элементі. Бизнес-процестер тізілімінде Компанияда анықталған процестердің иерархиялық тізімі, сондай-ақ процестердің Иелері мен Кураторлары белгіленген.  Құжат бизнестің процестік моделін дамытуға бағытталған және процестерді оңтайландыру, жетілдіру және Компания қызметі туралы білім базасын құру үшін басым процестерді таңдау кезінде пайдалы болады.

Процестік қызметтің нәтижелілігін, тиімділігін, өнімділігін және сапасын өлшеу үшін қызметтің процестік көрсеткіштерінің паспорттары мен метрикаларын қамтитын Қызметтің процестік көрсеткіштерінің тізілімі әзірленіп, бекітілді. Қазіргі уақытта тізілімде 428 қызмет көрсеткіші бар (344 ҚПК / 84 ҚНК). Қызметтің барлық процестік көрсеткіштері құрылымдық бөлімшелер және «ЖЭТ» филиалдарымен келісілді.

Сонымен қатар «KEGOC» АҚ Басқармасы «ҚПК жүйесін басқару қағидалары» регламенттеуші  құжатты әзірледі және бекітті.

Процестік басқару және цифрлы трансформациялау департаменті Бизнес-шешімдер әзірлеу блогының сарапшылары құрылымдық бөлімшелер және «ЖЭТ» филиалдарымен бірге құжаттарды әзірледі және жаңартты.

2020 жылдан бастап компанияда процестік басқару жүйесін енгізу бойынша жұмыс басталды. Процесске бағытталған басқаруды жүзеге асырудағы жүйелі тәсіл «KEGOC» АҚ қызметіндегі барлық әкімшілік, басқарушылық және өндірістік механизмдердіғ тиімділігін арттыруға бағытталған.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс