Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ энергия нысандарын 2021-2022 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлеуде

«КЕGОС» АҚ ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап электр желілік нысандарды 2021-2022 жж. күзгі-қысқы маусымына әзірлеу бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Компания қызметкерлері бірінші кезекте электр жеткізу әуе желілерінде және қосалқы станцияларында жөндеу жұмыстарын орындау қажеттігіне баса назар аударады.

Ағымдағы жылы энергетиктер 93 электр жеткізу желісіне және 43 қосалқы станция жабдығына жөндеу жүргізуді, сондай-ақ ғимараттарға, құрылыстарға және  арнайы техникаларға жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта электр жеткізу әуе желілері мен қосалқы станциялардың жабдықтарындағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұдан басқа, авариялық жағдайлар туындаған жағдайда материалдардың, қосалқы бөлшектердің, конструкциялардың және жанар-жағармай материалдарының авариялық қоры толтырылады. Желілік бригадалар мамандандырылған техникалармен, барлық қажетті құрылғылармен және арнайы киіммен қамтамасыз етілген.

Мұның барлығы Қазақстанның Ұлттық электр торабының сенімді жұмыс істеуі мен жүктемелердің күзгі-қысқы максимумын сәтті өтуі үшін қажет.

«КЕGОС» АҚ ұжымы электржелілік нысандарды әзірлеу жұмыстарын бекітілген мерзімде және толық көлемде аяқтауды жоспарлап отыр. Жұмыстар аяқталғаннан кейін барлық есептік құжаттар күзгі-қысқы кезеңге өтуге әзірлік паспортын алу үшін Энергетика министрлігіне тапсырылатын болады.

Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Қызметінің негізгі түрлері табиғи монополия саласына жатады. Компания балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 26,4 мың км болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 38,7 ГВА-дан астам 81 қосалқы электр станциясы бар.Компанияда 4 мыңнан астам адам қызмет етеді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік www.kegoc.kz интернет-ресурсында орналастырылған.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс