Баспасөз хабарламалары

04.11.2021ж. шектеулер жөніндегі ақпараттық хабарлама

Қазіргі уақытта Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясы мен қуаты теңгеріміне байланысты күрделі жағдай сақталуда. Бұл электр энергиясын тұтынудың жоғары қарқынмен өсуіне байланысты болып отыр. 2021 жылдың өткен 10 айы ішінде 2020 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тұтыну көлемі Оңтүстік аймақ бойынша 11,6 %-ға, Солтүстік аймақ бойынша 5,7 %-ға және Батыс аймақ бойынша 7,5%-ға артқан. Ең жоғары жүктеме сағаттарында қуатты тұтыну өткен жылғы мәннен 1500 МВт-тан да асып тұр. Тұтынудың осылайша ауытқымалы өсуі ең алдымен цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұтынушылар үлесінің артуына байланысты.

Қазіргі уақытта электр станцияларындағы энергия қондырғылардың ерәуір бөлігі авариялық және жоспардан тыс жөндеуде тұр.

Нәтижесінде, суық ауа-райы жағдайында еліміздегі электр станцияларында авариялық жағдайлардың артуы мен тұтынудың нормативтен тыс өсуі Қазақстан БЭЖ тұтынушыларының нақты тұтыну көлемінің жоспарлы шамадан едәуір ауытқуына және Қазақстан БЭЖ жұмысының тұрақтылығы бұзылып, ірі көлемдегі жүйелі аварияның орын алуы қауіпіне әкеледі.  

«KEGOC» АҚ жүйелік оператор ретінде Қазақстан Республикасы БЭЖ-нің сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспардан тыс тұтыну болған жағдайда тұтынушылардың жекелеген санаттарына жоспарлы мәндерге сәйкес электр энергиясын тұтыну режимін сақтау бойынша шаралар қабылданатын болады

Осыған байланысты, 2021 жылғы 4 қарашада жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелерге сәйкес электр энергиясын тұтынуды шектеу жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады.

«KEGOC» АҚ


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс