Баспасөз хабарламалары

KEGOC компанияның 2032 жылға дейінгі даму жоспарын жаңартты

«KEGOC» АҚ Компанияның 2023-2032 жылдарға арналған даму жоспарын жаңартты. Бұл шешімді Компанияның Директорлар кеңесі 2023 жылғы 1 сәуірде қабылдады.

Жаңартылған Даму жоспары энергияның ауысуына және жаңартылатын энергия көздерін энергетикалық жүйеге біріктіруге байланысты жаһандық трендтердің ықпалын, Қазақстанда электр энергиясы мен қуат тапшылығы мәселелерін орта мерзімді перспективада шешу қажеттілігін, заманауи инновациялық және цифрлық технологияларды ендіруді, ғылыми-зерттеу қызметін, ESG қағидаттарын ұстануды ескереді, сондай-ақ экономиканы карбонсыздандырумен және ел экономикасының қажеттіліктерін қамтамасыз етумен байланысты процестерді қамтиды.

 

«KEGOC» АҚ 2023-2032 жылдарға арналған жаңартылған даму жоспары келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.kegoc.kz/ru/about/strategiya-razvitiya/

Анықтама үшін:

«KEGOC» АҚ 2023-2032 жылдарға арналған даму жоспары ұзақ мерзімді перспективаға арналған «KEGOC» АҚ-ның стратегиялық мақсаттары мен даму бағыттарына қол жеткізу бойынша «KEGOC» АҚ-ның көзқарасы мен миссиясын айқындайтын ұзақ мерзімді стратегиялық құжат болып табылады.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс