Баспасөз хабарламалары

KEGOC-та жас мамандармен дәстүрлі кездесу өтті

3 қарашада Астанада «KEGOC» АҚ өндірістік филиалдарының болашағы зор жастар өкілдерінің компания басшылығымен кездесуі өтті.  

Іс-шараға компанияның таланттар пулына енген жас мамандар шақырылды.

Кездесуге қатысушылар алдында жасаған баяндамасында «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов «Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев еліміздегі жастар саясатын дамытудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Біздің компанияның мақсаты - әрбір қызметкер өз әлеуетін ашып, тамаша нәтижелерге қол жеткізе алуына ынталандырушы ортаны құру.

Бүгінгі таңда жас ұрпақ еліміздің болашағын белгілейді, сондықтан біздің қызметкерлеріміздің құзыреттерін дамыту - сабақтастықты жоспарлауға, қызметте жоғарылау үшін қолайлы перспективаларды дамытуға және компаниямыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қосқан үлесі» дегендігін атап өтті. 

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, аға тәуелсіз директор, Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің төрағасы Нұрлан Аханзарипов жас таланттарды дамытумен байланысты кадр саясатының басты басымдықтарына назар аударды.

«Компания қызметкерлердің дамуына ерекше назар аудара отырып, өз болашағы үшін толғанады. Бұл жерде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі де, Басқармасы да компания қызметін келешекте өз қолдарына алатын жаңа кадрлар мен басшыларды даярлау процесіне мүдделі және қатыстырылғанын атап өту өте маңызды» - деп атап өтті.

«KEGOC» АҚ компаниясында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған тиімді корпоративтік мәдениет арқылы «KEGOC» АҚ Даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ететін маңызды зияткерлік және кәсіби ресурс ретінде кадрлық әлеуетті қалыптастыруға бағытталған кадрлық саясат табысты іске асырылуда. Бұл саясат әділдік, сыйластық, тең мүмкіндіктер, сабақтастық, үздік әлемдік тәжірибе мен HR-технологияларға бағытталған қағидаттарға, сонымен қатар басшылық пен қызметкерлердің үздіксіз диалогына негізделген.

«KEGOC» АҚ-ның басты құндылығы адамдары болып табылады. Қызметкерлердің жоғары біліктілігі мен тәжірибесі – озық дамудың кепілі. Қызметкерлердің ұйымдасқан еңбегінің нәтижесі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге көмектеседі» - деп атап өтті Әлеуметтік-еңбек қатынастары және жұртшылықпен байланыс жөніндегі басқарушы директор Жаңабай Бексары.

Кездесу жылы және конструктивті ахуалда өтті. Бағдарламада өндірістік қауіпсіздік, қаржылық сауаттылық және компанияның технологиялық даму жобалары бойынша оқыту тренингтері, зияткерлік ойын, ақпараттық сессиялар болды. Жас мамандар компания процесіне енгізу үшін жаңа идеялар мен жобаларды ұсынды. Кездесудің жас қатысушыларының айтуынша, бағдарлама мазмұнды болды және нәтижелі жұмыс жасауға ықпал етті.

«Компания басшылығы жас мамандардың бастамаларын қолдайды, кәсіби өсу және даму үшін жағдайлар жасайды. Бұл корпоративтік рухты нығайту және қолайлы жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кездесу қызықты нысанда, жылы және көңілді өтіп жатыр. Өзімізді үздік жас мамандардың арасында көрсетуге мүмкіндік алдық, сонымен қатар көшбасшылық қасиеттерімізді дамытып, бір-бірімізбен таныстық. Мұндай кездесулер компания филиалдарының ұжымы арасындағы ықпалдастықты күшейту, тәжірибе және білім алмасу үшін маңызды болып табылады», - деген ойымен бөлісті «Батыс ЖЭТ» филиалының қызметкері Нұрлан Батырбай.

Бүгінгі күні «KEGOC» АҚ-да 4,4 мың адам жұмыс істейді, соның ішінде 31,2%-ы 35 жасқа дейінгі жас мамандар.

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы болып табылады.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс