Баспасөз хабарламалары

KEGOC әлеуметтік тұрақтылықтың жоғары рейтингін 86% деңгейінде растады

Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығының жыл сайын өткізетін «KEGOC» АҚ өндірістік персоналы арасындағы зерттеу нәтижелері бойынша SRS әлеуметтік тұрақтылық индексі 86% құрады (2022 жылғы деңгейге сәйкес келеді). Бұл «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

SRS индексі 3 негізгі көрсеткішті қамтиды: қызметкерлердің қатысуы – 87%, әлеуметтік әл-ауқат – 74% және әлеуметтік тұрақтылық – 93%.

Зерттеу сауалнамаларына компанияның өндірістік қызметкерлері қатысты. Олар өмір сүру сапасы, материалдық әл-ауқат, болашаққа сеніммен қарау, еңбек жағдайлары, өндірістік қауіпсіздік, басқарудың ашықтығы мен әділдігі, ұжымдағы ішкі ақпараттандыру және атмосферасына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Әлеуметтік тұрақтылық мониторингінің нәтижелері бойынша сарапшылар қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қызметкерлердің өмір сүру сапасы мен материалдық жағдайын жақсарту, сондай-ақ компанияның еңбек ұжымдарында іскерлік және достық қарым-қатынастарды қолдау бойынша жоспарлы және табысты жұмыстарға баса назар аударған.

KEGOC басшысы Нәби Айтжановтың айтуынша, мұндай жоғары рейтингке әлеуметтік бағдарламаларды іске асырудағы жүйелі тәсілдің және олардың іске асырылуын басшылық тарапынан нақты бақылаудың негізінде қол жеткізілді.

- Компанияда менеджмент пен өндірістік персонал арасындағы диалогты жолға қою бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Өткен жылы өңірлік филиалдардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілді. Жиындарда жайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуден бастап компанияның даму стратегиясы және алға қойылған міндеттерді іске асырудағы әр маманның алатын рөліне дейінгі бірқатар мәселелер қамтылды.

Әріптестеріміздің «үнемі өзін-өзі жетілдіру» процесіне барынша қатысқаны қуантады – өз кезегінде олар елеулі сындарлы ұсыныстар ұсынды. Олардың басым көпшілігі іске асыруға қабылданды және олардың орындалуы қатаң бақылауда болады. Қазіргі кезде осы процестерді жүйелеуге және KEGOC идеялар банкін қалыптастыруға дайынбыз, - деп атап өтті Н. Айтжанов.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс