Баспасөз хабарламалары

KEGOC 2024 жылғы қорытындыларын шығарып, 2025 жылға амбициялық жоспарларын белгіледі

«KEGOC» АҚ-да өндірістік филиалдар мен «Энергоинформ» АҚ еншілес компаниясы басшыларының қатысуымен қорытынды кеңесі өтті. Жиын барысында 2024 жылдың жұмыс қорытындылары талқыланып, 2025 жылға арналған негізгі даму бағыттары айқындалды.

2024 жылғы қорытындылар: көрсеткіштер өсімі мен энергожүйе сенімділігін арттыру

«KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов компания ұжымының үйлесімді жұмысының арқасында 2024 жылдың табысты аяқталып, өндірістік және қаржылық қызметте тұрақты өсім көрсеткенін атап өтті.

Негізгі көрсеткіштер:

✅ Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 4,3%-ға өсті (120 млрд кВтс-қа жетті), ал электр энергиясын өндіру 4,5%-ға артты (117,9 млрд кВтс-ты құрады).

✅ KEGOC қызметтерінің өсімі:

  • Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) арқылы электр энергиясын жеткізу – 18,9 млрд кВтсағ (+1,2% жоспардан жоғары).
  • ҰЭТ пайдалану – 74,9 млрд кВтсағ (+1,8% жоспардан жоғары).
  • Техникалық диспетчерлеу – 110,9 млрд кВтсағ.
  • Өндіріс пен тұтынуды теңгерімдеу – 210,2 млрд кВтсағ.

KEGOC жүктеменің артуына қарамастан, энергожүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтады (500-ден астам нысан), материалдар мен қосалқы бөлшектердің авариялық қорын толықтырды.

Қаржылық нәтижелер мен инвестициялық жетістіктер

Компанияның таза пайдасы 59,5 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 37,1%-ға жоғары.
Акционерлерге төленген дивидендтер – 44,6 млрд теңге.

KEGOC-тың кредиттік рейтингтері ел деңгейіне көтерілді:

  • Moody’s – «BAA2» (тұрақты болжам).
  • Fitch – «BBB» (тұрақты болжам).
  • S&P Global CSA Score – ESG-рейтинг 55/100.

KEGOC еліміздің оңтүстігіндегі электр желілерін күшейту және Батыс Қазақстан энергожүйесін Біртұтас энергетикалық жүйемен біріктіру бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жалғастыруда. 2024 жылы осы бастамаларды қаржыландыру үшін Азия даму банкімен, Еуропалық қайта құру және даму банкімен және Қазақстан даму банкімен келісімдерге қол қойылды.

Әлеуметтік саясат: қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру

KEGOC «Самұрық-Қазына» компаниялары арасында өндірістік қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылық бойынша көш бастап келеді (87%). Компания қызметкерлердің өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында бірқатар бастамаларды жүзеге асырды:

  • Өндірістік персоналдың жалақысы артты, қосымша ынталандыру шаралары енгізілді.
  • Профильді білім алуға кеткен шығындардың 80%-ын компания өтейді.
  • «Үздік еңбек әулеттері» байқауы ұйымдастырылды.

2025 жылға арналған жоспарлар

KEGOC еліміздің энергожүйесін жаңғыртуды және инвестициялық жобаларды, оның ішінде энергетикалық инфрақұрылымды жедел дамыту жобаларын іске асыруды жалғастырады.

Филиал басшыларына тапсырмалар берілді:

-Жөндеу жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу.
-Инвестициялық бағдарламаны орындау.
-Энергожүйенің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету шараларын күшейту.
-Корпоративтік рейтингтер мен KPI көрсеткіштерін арттыруды жалғастыру.
-Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау бағдарламаларын дамыту.

KEGOC Қазақстан энергожүйесінің сенімділігін қамтамасыз ете отырып, компанияның тұрақты өсуіне бағытталған мақсаттарына нық қадам басуда.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс