АТЖ

«KEGOC» АҚ «Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер» филиалы

«KEGOC» АҚ «Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер» филиалы (бұдан әрі — «АТЖ» филиалы) «KEGOC» АҚ-ның телекоммуникациялық және ақпараттық жүйелерінің сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қолдауға бағытталған цифрлық шешімдерді дамытады.

Филиал «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 1 тамыздағы шешімімен (№ 8 хаттама) тіркеліп, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап операциялық қызметін бастады. Филиалдың қызметі бекітілген Ереже мен Компанияның корпоративтік стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Филиалға жалпы басшылықты директор жүзеге асырады.

«АТЖ» филиалының құрамына профильді қызметтер мен бөлімшелер кіреді, олар:

  • телекоммуникациялық инфрақұрылымды пайдалану және дамыту;
  • ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және дамыту;
  • ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсету;
  • әкімшілік-қаржылық функцияларды орындау.

Филиалдың ұйымдастырушылық құрылымы мен штаттық саны белгіленген тәртіппен бекітіледі. Қазіргі құрылым мен персонал саны «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасының бұйрығымен бекітілген және корпоративтік талаптарға сәйкес жарияланады. Филиалдың құрылымы мен штаттық саны «KEGOC» АҚ-ның 2025 жылғы 22 тамыздағы № 149 бұйрығымен бекітілген. 

«Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер» филиалының мақсаттары

«KEGOC» АҚ «АТЖ» филиалы келесі мақсаттар үшін құрылған:

  • Компанияның телекоммуникациялық және ақпараттық жүйелерінің сенімді, қауіпсіз және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
  • Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің ақпараттық-технологиялық инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қолдау;
  • «KEGOC» АҚ корпоративтік ақпараттық жүйелерін және цифрлық шешімдерін дамыту және сүйемелдеу;
  • заманауи IT-технологияларды енгізу және цифрландыру арқылы бизнес-процестердің тиімділігін арттыру.

Филиалдың негізгі қызмет бағыттары:

  • телекоммуникациялық және ақпараттық жүйелер мен IT-инфрақұрылымды пайдалану және техникалық қызмет көрсету;
  • телекоммуникациялық және ақпараттық жүйелерді және IT-инфрақұрылымды сүйемелдеу, дамыту және жаңарту;
  • автоматтандырылған басқару, деректерді жинау және өңдеу жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету;
  • ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық ресурстарды қорғау;
  • пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсету және әдістемелік сүйемелдеу;
  • цифрландыру және Ұлттық электр желісінің ITK модернизациясы жобаларына қатысу;
  • сатып алу ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және филиалдың құзыреті шегінде келісім-шарт қызметін сүйемелдеу.

Филиал директоры: Копенов Еділ Құдайбергенұлы

Қызметкерлер саны: 408 адам

Аймақтық желі

Филиал құрамына тоғыз аймақтық орталық кіреді, олар телекоммуникациялық және ақпараттық инфрақұрылымды қамтамасыз етеді:

  1. Ақмола аймақтық орталығы (Астана қаласы)
  2. Ақтөбе аймақтық орталығы (Ақтөбе қаласы)
  3. Алматы аймақтық орталығы (Алматы қаласы)
  4. Шығыс аймақтық орталығы (Өскемен қаласы)
  5. Батыс аймақтық орталығы (Атырау қаласы)
  6. Қостанай аймақтық орталығы (Қостанай қаласы)
  7. Солтүстік аймақтық орталығы (Экибастұз қаласы)
  8. Орталық аймақтық орталығы (Қарағанды қаласы)
  9. Оңтүстік аймақтық орталығы (Шымкент қаласы)

Ақпараттық технологиялар қызметі

Негізгі міндеттері:

  1. SD-WAN, DWDM және VPN арналарының басқаруын қоса алғанда, Филиалдың есептеу техникасының, бағдарламалық қамтамасыз етудің және IT-инфрақұрылымының тұрақты, сенімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету.
  2. Кеңсе және қолданбалы ақпараттық жүйелерді пайдалану мәселелері бойынша пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсету.SD-WAN негізінде трафикті зияткерлік үлестіруді қоса алғанда, корпоративтік деректерді беру желісі мен желілік жабдықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
  3. IT құзыреті шеңберінде өңірлік бөлімшелердің қызметін жедел-техникалық басқару және үйлестіру.
  4. Ақпараттық технологиялар саласындағы технологиялық бизнес-процестерді жоспарлау, бақылау және жетілдіру.
  5. IT-тәуекелдерді басқару және Интеграцияланған менеджмент жүйесі (ИМЖ) талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
  6. Қызмет персоналының жұмысын ұйымдастыру, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету.
  7. Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Негізгі функциялары:

  1. SD-WAN шешімдерін қоса алғанда, IT-жабдықты, бағдарламалық-аппараттық кешендерді және корпоративтік ақпараттық жүйелерді пайдалануды ұйымдастыру және сүйемелдеу.
  2. Пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсету, өтінімдерді өңдеу, бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату, баптау және жаңарту.
  3. Трафикті автоматты теңгерімдеу мен SD-WAN-ды орталықтандырылған басқаруды қоса алғанда, корпоративтік деректерді беру желісінің жұмысын, дамуын және жаңғыртылуын қамтамасыз ету.
  4. IT-инфрақұрылымға авариялық-қалпына келтіру және жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізу.
  5. IT-жүйелерді дамытуға арналған техникалық талаптарды, жобаларды және даму жоспарларын әзірлеуге қатысу.
  6. IT-жабдық пен желілік инфрақұрылымның өмірлік циклін басқару.
  7. IT-жүйелердің техникалық жай-күйіне мониторинг жүргізу, инциденттер мен тәуекелдерді талдау, есептік және талдамалық материалдар дайындау.
  8. IT құзыреті мәселелері бойынша ішкі бөлімшелермен, филиалдармен, сондай-ақ мердігер және жобалық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
  9. IT-жабдықты, бағдарламалық қамтамасыз етуді және қызметтерді сатып алуға өтінімдерді қалыптастыру және келісу арқылы сатып алу қызметіне қатысу.
  10. Компанияның ішкі нормативтік құжаттарына және Интеграцияланған менеджмент жүйесі (ИМЖ) талаптарына сәйкес техникалық және ұйымдастырушылық құжаттаманы жүргізу.

Технологиялық жүйелерді сүйемелдеу қызметі

Технологиялық жүйелерді сүйемелдеу қызметі – «KEGOC» АҚ «Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер» филиалының (АТЖ филиалы) дербес құрылымдық бөлімшесі. Қызметтің негізгі мақсаты – жедел ақпараттық жүйелер мен энергетикалық нарықтың автоматтандырылған жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

Қызмет екі топтан тұрады:

  • Энергия нарығының автоматтандырылған жүйелері тобы – электр энергиясын есепке алу жүйелерін, биллингтік жүйелерді және энергия нарығының өзге де ақпараттық платформаларын дамыту және сүйемелдеу.
  • Диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйелері тобы – жедел жүйелердің, телемеханика мен қосалқы станциялардың техникалық кешендерінің пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Негізгі міндеттері:

  1. Технологиялық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің сенімді жұмысын және дамуын қамтамасыз ету.
  2. Автоматтандырылған жүйелерді пайдаланушыларға техникалық сүйемелдеу және қолдау көрсету.
  3. АТЖ филиалының өңірлік орталықтарының жұмысын үйлестіру.
  4. Диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйелері (ДБАЖ) және IT пайдалану бағыттары бойынша АТЖ филиалы бюджетінің жоспарлануына және орындалуын бақылауға қатысу.
  5. Интеграцияланған менеджмент жүйесі (ИМЖ) шеңберінде процестерді тұрақты жетілдіру.

Негізгі функциялары:

  • Энергия нарығы мен диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйелері саласында тиімді шешімдерді әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу.
  • Филиалдың IT-инфрақұрылымын дамыту бойынша стратегиялық және техникалық жоспарлауға қатысу.
  • Жүйелердің жұмысын мониторингтеу, инциденттерді талдау және негізгі тәуекелдерді басқару.
  • Ішкі бөлімшелермен, мердігер ұйымдармен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау.
  • Қызмет құзыреті шеңберінде есептер, құжаттар, сараптамалық қорытындылар дайындау және кеңестерге қатысу.

Жобаларға сараптама және күрделі құрылыс қызметі

Негізгі міндеттері:

  1. «KEGOC» АҚ-та телекоммуникациялар және АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) саласын дамыту бағдарламаларын әзірлеу.
  2. АКТ объектілері бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға, техникалық-экономикалық негіздемелерге (ТЭН) және техникалық тапсырмаларға (ТТ) сараптама жүргізу.
  3. «KEGOC» АҚ-тың және энергия нарығы субъектілерінің техникалық шарттарына ұсыныстар енгізу.
  4. Сыртқы электрмен жабдықтау және қуатты беру схемаларын АКТ бөлігінде сараптау.
  5. Жоғары жиілікті (ЖЖ) байланыс арналарының жиілік спектрін таңдау және басқару.
  6. Телекоммуникациялар бойынша сатып алу жоспарын қалыптастыру және тендерлік құжаттаманы дайындау.
  7. Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын бақылау және АКТ объектілерін пайдалануға қабылдау.
  8. Интеграцияланған менеджмент жүйесі (ИМЖ) шеңберінде процестерді тұрақты жетілдіруді қамтамасыз ету.

Негізгі функциялары:

  1. «KEGOC» АҚ телекоммуникация және АКТ инфрақұрылымы объектілерін жаңғырту және реконструкциялау жобаларын сүйемелдеу.
  2. Телекоммуникациялар және АКТ бөлігінде жобаларды (ТЭН, ЖСҚ) қарау және келісу.
  3. ЖЖ байланыс арналары мен релелік қорғаныс жүйелері бойынша деректер базасын жүргізу.
  4. ЖЖ байланыс арналары мен релелік қорғаныс жүйелерінің жиілік спектрін басқару, оның ішінде көршілес мемлекеттермен келісу.
  5. АКТ стратегиясының және «KEGOC» АҚ-тың телекоммуникациялар жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиясының бөлімдерін әзірлеу және енгізу.
  6. Инвестицияларды қорғау және жобалардың ТЭН дайындауын үйлестіру.
  7. Стратегиялық жобалардың жобалық-сметалық құжаттамасын және АКТ құрамдастарын қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу.
  8. Тендерлік құжаттаманы қалыптастыру, сараптамалық қорытындылар дайындау және сатып алу жөніндегі комиссияларға қатысу.
  9. Кеңестерге, семинарларға, көрмелерге және Қызметтің ішкі құжаттарына материалдар дайындау.
  10. Мердігерлермен, инвесторлармен, жобалау институттарымен және жабдық өндірушілермен өзара іс-қимыл жасау.
  11. Еңбек тәртібі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылау.
  12. АКТ жобалары бойынша инвестициялық бағдарламаны және жылдық сатып алу жоспарын қалыптастыру.
  13. Жабдықтың сақталуын және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету.
  14. Қызметтің қызметінде заңнаманы сақтау және «KEGOC» АҚ құжаттарының, оның ішінде ИМЖ талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.

Корпоративтік жүйелерді қолдау қызметі (КЖҚҚ)

Негізгі міндеттері:

  1. Пайдаланушыларды қолдау: кеңес беру, өтініштерді өңдеу, оқиғалар мен проблемаларды шешу.
  2. Жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету: мониторинг, ақауларды жедел жою, өнімділікті бақылау.
  3. Бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдау: жаңартуларды орнату, баптау, өзгерістерді тестілеу.
  4. Қол жетімділік пен қауіпсіздікті басқару: пайдаланушы құқықтарын бақылау, деректерді қорғау, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау.
  5. Құжаттама жүргізу және есеп беру: өтініштерді талдау, пайдаланушы нұсқаулықтарын жаңарту, эксплуатациялық құжаттаманы жүргізу.
  6. АИҰСП (SAP ERP) жүйесін қолдау және дамыту: тапсырыс беруші, заңнама және ішкі нормативтер талаптарына сәйкес өзгерістерді енгізу.
  7. Бизнес бөлімшелерімен өзара әрекеттесу: жаңа бизнес-процестерді автоматтандыру, пайдаланушыларды оқыту, функционал өзгерістерін келісу.
  8. Корпоративтік IT инфрақұрылымды мониторинг және қолдау: серверлер, деректер базалары, мониторинг жүйелері, порталдар, архивтік және корпоративтік қосымшалар.

Негізгі функциялары:

  1. Корпоративтік жүйелерді әкімшілендіру: SAP Basis, СЭД Lotus, веб-сайттар, корпоративтік портал, архивтік жүйелер.
  2. Қосымшалар мен деректер базаларын мониторинг және қолдау: ORACLE (АСКУЭ, СБРЭ, Биллинг, GIS), E-Otinish, MetaDoc.
  3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету: қол жетімділікті бақылау, осалдықтарды жою, деректерді қорғау.
  4. АИҰСП жүйесінде өзгерістер мен Z-дайындықтарды жүзеге асыру: есеп формаларын, функционалды, ішкі және сыртқы жүйелермен интеграцияларды модификациялау.
  5. Пайдаланушыларды оқыту және кеңес беру: АИҰСП және басқа корпоративтік жүйелермен жұмыс істеу бойынша.
  6. Құжаттама және есеп беру жүргізу: нұсқаулықтар, аналитикалық есептер, өзгерістер мен оқиғалар бойынша құжаттама.
  7. Техникалық қолдау және қалпына келтіру: ақауларды жою, жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу, жүйелердің тұрақты жұмысын қолдау.

Электр энергиясын теңгеретін нарық жүйесін дамыту қызметі (ЭЭТНЖДҚ)

Негізгі міндеттері:

  1. ЭЭТНЖДҚ және онымен байланысты қосалқы жүйелердің үздіксіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету.
  2. ЭЭТНЖДҚ функционалдығын дамыту және жетілдіру, оның ішінде ішкі және сыртқы ақпараттық жүйелермен интеграциялау, модернизация және бейімдеу.
  3. Пайдаланушыларға техникалық қолдау ұйымдастыру және жүйені пайдалану кезінде туындайтын оқиғаларға жедел әрекет ету.
  4. ЭЭТНЖДҚ-нің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігін қамтамасыз ету, көтерме және теңгеретін нарықтардың жұмысын реттейтін заңнама талаптарына сай болу.
  5. Келісімшарттық ұйымдармен, жеткізушілермен және бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушілерімен өзара әрекеттесу.
  6. Заманауи автоматтандыру құралдарын, DevOps тәжірибесін және мониторинг құралдарын қолдану арқылы ЭЭТНЖДҚ эксплуатациясы, қолдауы және дамуын тиімділігін арттыру.
  7. Ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету және «KEGOC» АҚ ақпараттық қауіпсіздік саясатын сақтау.
  8. ЭЭТНЖДҚ бойынша техникалық және эксплуатациялық құжаттаманы уақытында жаңарту және өзектендіру.

Негізгі функциялары:

  1. ЭЭТНЖДҚ аппараттық-бағдарламалық кешен ретінде жұмысын қамтамасыз ету, оның ішінде:
    • көтерме нарық субъектілерінің электр энергиясын сатып алу және сату өтініштерін қабылдау;
    • электр энергиясын өндіру және тұтыну бойынша тәуліктік кестені құру;
    • электр энергиясының орталықтандырылған сауда көлемдерін есептеу;
    • бекітілген тәуліктік кестеге түзетулер енгізу;
    • нақты өндіріс және тұтыну мәндерін қалыптастыру;
    • көтерме және теңгеретін нарықтардағы сағаттық дисбаланстар мен бағаларды есептеу.
  2. ЭТНЖДҚ жұмысына мониторинг жүргізу, оқиғаларды талдау және ақауларға жедел әрекет ету.
  3. Нормативтік база мен «KEGOC» АҚ ішкі талаптарын ескере отырып, ЭЭТНЖДҚ функционалдығын жаңарту және бейімдеу.
  4. ЭЭТНЖДҚ-ні ішкі және сыртқы ақпараттық жүйелермен интеграциялау.
  5. ЭЭТНЖДҚ жұмысының тиімділігін арттыру үшін автоматтандыру, мониторинг және аналитика құралдарын әзірлеу және енгізу.
  6. Деректерді қорғау және жүйенің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  7. Техникалық және эксплуатациялық құжаттаманы дайындау, жүргізу және өзектендіру.
  8. ЭЭТНЖДҚ қолдау және дамыту жобаларын іске асыруда мердігерлер, жеткізушілер және бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушілерімен өзара әрекеттесу.
  9. Есептеулерде қолданылатын деректердің дұрыстығы, толықтығы және тұтастығын бақылау.

Өндірістік-техникалық қызмет

Негізгі міндеттері:

  1. Филиалдың өндірістік-техникалық қызметінің перспективалық, кешенді және ағымдағы мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық тұрғыда басқару және үйлестіру.
  2. Жөндеу және пайдалану жұмыстары жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру, олардың орындалуын бақылау және Филиалдың ақпараттық-телекоммуникациялық кешені жабдықтарына жөндеу-пайдалану қызметі бойынша жинақталған есептерді дайындау.
  3. Қызмет құзыреті шеңберінде Интеграцияланған менеджмент жүйесі (ИМЖ) процестерінің нәтижелілігін тұрақты жақсартуды қамтамасыз ету.
  4. Филиал қызметінде қолданылатын ішкі нормативтік құжаттарды өзектендіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Негізгі функциялары:

  1. Филиал бөлімшелерінің ақпараттық-телекоммуникациялық кешенді жөндеу және пайдалану бойынша жұмысын үйлестіру.
  2. Жөндеу және пайдалану жұмыстары жоспарларын әзірлеу, олардың орындалуын бақылау және есептер дайындау.
  3. Филиалда Интеграцияланған менеджмент жүйесін (ИМЖ) қолдау және дамыту.
  4. Филиалдың ішкі нормативтік құжаттарын жүргізуді ұйымдастыру және бақылау.
  5. Байланыс арналары, жабдықты орналастыру орындары және басқа да қызметтер бойынша жалдау шарттарын дайындау және жасасу.
  6. «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы үшін Филиалдың есебін және бюджетін қалыптастыру.
  7. Негізгі құралдарды есептен шығаруды бақылау және қоймалық логистиканы қамтамасыз ету.
  8. Жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшін жабдықтарға, материалдарға және қосалқы бөлшектерге өтінімдер дайындау.
  9. Рационализаторлық қызметті ұйымдастыру және кеңес хаттамаларын жүргізу.
  10. Автоматтандырылған жүйелерде (SAP ERP) жұмыс істеу және ресми хаттарға жауаптар дайындау.

Телекоммуникацияларды сүйемелдеу қызметі

Негізгі міндеттері:

  1. Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығының (ЖО ҰДО) және «KEGOC» АҚ орталық кеңсесінің телекоммуникация құралдарының сенімді әрі сапалы жұмысын қамтамасыз ету.
  2. Құзыреті шеңберінде Өңірлік орталықтарға жедел-техникалық басшылық жасау.
  3. Құзыреті шеңберінде технологиялық бизнес-процестерді жедел жоспарлау және бақылау.
  4. Қызмет қызметі аясында ИМЖ процестерінің нәтижелілігін тұрақты жақсартуды қамтамасыз ету.
  5. Бекітілген телекоммуникациялық жабдықты (бұдан әрі – ТК) пайдалану, жөндеу және жедел қызмет көрсету.
  6. Бекітілген ТК жабдығының және өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету.
  7. Персоналмен жұмысты ұйымдастыру және жүргізу.
  8. Қызмет персоналы үшін қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету.
  9. Жобалық құжаттаманы сапалы қарауды, құрылыс-монтаждау жұмыстарына қадағалау жүргізуді және аяқталған ТК жабдықтарын пайдалануға сапалы қабылдауды қамтамасыз ету.
  10. Қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау.

Негізгі функциялары:

  1. Телекоммуникациялық жабдықтың сенімді жұмысын қамтамасыз ету:
    • ЖО ҰДО-ның ТК орталық торабы, «KEGOC» АҚ орталық кеңсесі және Өңірлік орталықтар.
    • АТС, ТОБЖ (талшықты-оптикалық байланыс желілері), ЖССЖ, кепілді электрмен жабдықтау жүйесі, селекторлық байланыс, кабельдік байланыс желілері, радиорелелік байланыс желілері, УКВ радиостанциялар, жоғары жиілікті байланыс, электр беру әуе желілері бойынша релелік қорғаныс және апатқа қарсы автоматика, іздеу және дауыс зорайтқыш байланыс жүйелері, DWDM және басқа да жабдықтар.
    • Тәулік бойы мониторинг және апаттық-қалпына келтіру жұмыстары.
  2. ТК жабдығын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету:
    • Жоспарлы-алдын алу жұмыстарының (ЖАЖ) жоспарлануы және орындалуын бақылау.
    • Іске қосу-баптау жұмыстарын үйлестіру және жабдықты қабылдау.
    • Жабдықтың жай-күйін талдау, тоқтап қалу мен ақаулардың себептерін анықтау және оларды жоюды ұйымдастыру.
  3. Жоспарлау және талдау:
    • Жылдық ЖАЖ жоспарларын және қызмет көрсетілетін жабдық көлемін әзірлеу және келісу.
    • Басшылық үшін талдамалық анықтамалар, есептер және презентациялар дайындау.
    • Пайдалану және іссапар шығындары бойынша бюджеттің орындалуын бақылау.
  4. Құжаттамалық және нормативтік сүйемелдеу:
    • Бұйрықтар, өкімдер және техникалық ерекшеліктер дайындау.
    • Жобалық құжаттаманы келісу, құрылыс және монтаж жұмыстарына қатысу.
    • Ішкі нормативтік құжаттарды жүргізу және өзектендіру, ІНҚ және ИМЖ талаптарының орындалуын бақылау.
  5. Үйлестіру және өзара іс-қимыл:
    • «KEGOC» АҚ Телекоммуникациялар департаментімен, Өңірлік орталықтармен және сыртқы ұйымдармен өзара әрекеттесу.
    • Шектес энергетикалық жүйелермен және жобалау ұйымдарымен ынтымақтастық.
    • Персоналды үйлестіру, оқыту мен аттестаттауды ұйымдастыру және еңбекті қорғау талаптарын сақтау.
  6. Тәуекелдерді жоспарлау және басқаруға қатысу:
    • Негізгі тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және мониторинг жүргізу.
    • Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және олардың орындалуын бақылау.
    • Тәуекелдерді басқару бойынша есептілік дайындау және басшылықты іске асқан тәуекелдер туралы хабардар ету.
  7. Сапаны бақылау және тексерулерге қатысу:
    • Жаңа жабдықты енгізу және қайта жаңғырту кезінде құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарының сапасын бақылау.
    • Жабдықтың жай-күйі мен пайдалану процестеріне кешенді тексерулерге қатысу.
    • Жөндеуден және іске қосу-баптау жұмыстарынан кейін қабылдау комиссияларына қатысу 
  8. Өтініштер мен инциденттермен жұмыс:
    • Қызмет құзыреті шеңберіндегі өтініштерді, хаттарды және сұрауларды қарау.
    • Құрылымдық бөлімшелерге және Өңірлік орталықтарға әдістемелік көмек көрсету.
    • ITSM жүйесінде инциденттермен жұмыс және SLA талаптарын сақтау.

Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші