Біз жайлы

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды.

«KEGOC» АҚ-ның бастапқы мемлекеттік тіркелу күні — 1997 жылғы 11 шілде.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Z00T2D0, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат.

Миссия

Қазақстанның энергия жүйесінің сенімділігін, қолжетімділігін және озық дамуын қамтамасыз ету.

Болжам 

Инфрақұрылымды жоспарлау және таза энергияны дамыту арқылы тұрақты электр энергетикасы жүйесін дамытуға үлес қосатын, энергия ауысуы жағдайындағы болашақтың энергетикалық жүйесі мен нарықтың өзгеруіне көмектесетін электр энергетикасы саласындағы көшбасшы.

Қоғам мынадай негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу жөнінде жүйелік қызмет көрсету;

2) Ұлттық электр торабының жабдықтарына пайдалану бойынша қызмет көрсету;

3) электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімдерін жасауды және тәуліктік кестесін жасауды қоса алғанда, шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыра отырып, электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша жүйелік қызмет көрсету;

4) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша жүйелік қызмет көрсету;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асыру;

6) нақты уақыт режимінде және жүйелік әрі қосалқы қызметтер нарығында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыру;

7) қатарлас жұмыс режимдерін басқару және тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша іргелес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау;

8) электр қуатын реттеу және резервтеу;

9) электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектілерінің бірыңғай ақпараттық жүйесін, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін, релелік қорғау және аварияға қарсы автоматикасының түйіндес құрылғыларын құру бойынша техникалық және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

10) жеке технологиялық және өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыру;

11) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін орталықтан жедел-диспетчерлік басқару;

12) Қоғамның ведомствоға бағынысты ұйымдарының объектілеріндегі электр моторларды, генераторлар мен трансформаторларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;

13) Қоғамның ведомствоға бағынысты ұйымдарының объектілеріндегі электр таратқыш және реттеуші аппаратураларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;

14) Қоғамның ведомствоға бағынысты ұйымдарының объектілеріндегі электрмен жарықтандыру жабдықтарын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;

15) Қоғамның ведомствоға бағынысты ұйымдарының объектілеріндегі басқа санаттарға енгізілмеген басқа да электр жабдықтарын жөндеу және техникалық күтім жасау;

16) жеке меншігіндегі жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару;

17) басқа да сымдық телекоммуникациялық байланыс;

18) кең сұрыпталымды тауарлармен сауда-саттық жөніндегі агенттердің қызметі;

19) қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының көтерме саудасы.

Электр желілері

«Жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ 31.12.2022 ж. филиалдарының теңгерімінде жалпы ұзындығы 26 973,929 км (тізбек бойынша) 0,4-1150 кВ габариттерде  385 әуе электр жеткізу желілері бар, оның ішінде:

1150 кВ ӘЖ – 1421,225 км;

500 кВ ӘЖ – 8282,258 км; 

330 кВ ӘЖ – 1863,28 км;

220 кВ ӘЖ – 14893,756 км;

110 кВ ӘЖ – 352,841 км;

35 кВ ӘЖ – 44,13 км;

10 кВ ӘЖ – 103,377 км;

6 кВ ӘЖ – 8,020 км;

0,4 кВ ӘЖ – 5,042 км.

«Жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ 31.12.2022 ж. филиалдарының теңгерімінде трансформаторлардың орнатылған қуаты 38 992,9 МВА кернеуі 35-1150 кВ 82 электр қосалқы станциялары бар, оның ішінде:

1150 кВ – 3 дана, қуаты 9 384,1 МВА; 

500 кВ – 20 дана, қуаты 17 447,5 МВА; 

220 кВ – 57 дана, қуаты 12 138,1 МВА; 

35кВ – 2 дана, қуаты 23,2 МВА. 

«Ақмола жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 4230,431 км (тізбек бойынша) 10-1150 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 8136,6 МВА кернеуі 220-1150 кВ 10 қосалқы станциялары кіреді.

«Ақтөбе жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ филиалы 1997 жылдың қазанында құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 954,494 км (тізбек бойынша) 10-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 2425,5 МВА кернеуі 220-500 кВ 7 қосалқы станциялары кіреді.

«Алматы жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 4216,900 км (тізбек бойынша) 0,4-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 4894,2 МВА кернеуі 35-500 кВ 12 қосалқы станциялары кіреді.

«Шығыс жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ филиалы 1997 жылдың желтоқсанында құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 1923,39 км (тізбек бойынша) 0,4-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 4362,5 МВА кернеуі 220-500 кВ 7 қосалқы станциялары кіреді.

«Батыс жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ филиалы 1998 жылдың шілдесінде құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 1764,013 км (тізбек бойынша) 6-330 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 1450 МВА кернеуі 220 кВ 6 қосалқы станциялары кіреді.

«Сарыбай жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ филиалы 1997 жылдың тамызында құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 2444,093 км (тізбек бойынша) 6-1150 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 6569,9 МВА кернеуі 220-1150 кВ 8 қосалқы станциялары кіреді.

«Солтүстік жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ филиалы 1997 жылдың тамызында құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 3680,614 км (тізбек бойынша) 0,4-1150 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 3770,6 МВА кернеуі 220-1150 кВ 8 қосалқы станциялары кіреді.

«Орталық жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ филиалы 1997 жылда құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 3496,69 км (тізбек бойынша) 10-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 3741,6 МВА кернеуі 220-500 кВ 10 қосалқы станциялары кіреді.

«Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылды.

 Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 4263,304 км (тізбек бойынша) 220-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 3642 МВА кернеуі 220-500 кВ 14 қосалқы станциялары кіреді.

 

Жедел желі

Кері байланыс