Жобаның мақсаты: Нормативтік қызмет мерзіміне жеткен жұмыс істеп тұрған электр жеткізу желілерін реконструкциялау арқылы Қазақстан ҰЭТ-ы жұмысының сенімділігін арттыру.
Жобаны іске асыру мерзімі: 2019-2028 жж.
Жобаның сипаты: жоба Қазақстан ҰЭТ-ы жұмысының сенімділігін арттыруға, тұтынушыларды электрмен жабдықтауды, электр энергиясының транзитін, электр станцияларының қуат беруін жақсартуға бағытталған. Жалпы ұзындығы 4236 км 220-500 кВ 48 ӘЖ «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ», «Шығыс ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ» және «Орталық ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау объектілері болып табылады.
Ағымдағы дәрежесі: жобаның ТЭН-іне 2025 жылғы ақпанда «Мемсараптама» РМК қорытындысы алынды. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.